Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Туристтердің республикалық слет жүлдегерлері

02092019-111

       Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 21 - 24 тамызда өткен Қазақстан және ТМД елдері туристтері достығының «Ертіс меридианы - 2019» 31-ші республикалық слетіне  Қазақстаннан 200-ден астам турист қатысты. Слетке 10 облыстан, астана мен Шымкенттен барлығы 13 команда қатысты. Павлодар облысы атынан «Иртыш Павлодар» және «Павлодар» командалары барды. Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының 15 - 18 жас аралығындағы 16 оқушыдан тұратын командасы «Павлодар» құрама командасының құрамына кірді, жетекшілері Агалаков Сергей Николаевич, Ридзаускене Ирина Валерьевна, Ридзаускас Владислав Юрьевич, орталық педагогтары.

   Слет қорытындылары бойынша орталық қатысушылары ІІ жалпы командалық орын алды. Жарыстарда командалар су, жаяу және тау туризм элементтері бар кезеңдерден өтті. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша спортшылар турист тап болуы мүмкін экстремалдық жағдайларда қалай тірі болып қалуды білуі тиіс. Бірінші күні 4 блоктан - теориядан, төзімділікке өтуден, шартты жәбірленушілермен өту мен судағы құтқару жұмыстарынан тұратын «Жеке-командалық» қашықтық өтті. Екінші күні 18 кезеңнен - бергшрунд, каньен арқылы өту, тапсырмалар алаңы, дюльфермен түсу, су кезеңі, зембіл тоқу, шартты жәбірленушіні тасымалдау және тұратын «Кросс-жорық» қашықтығы болды. Жарыстардың үшінші күні бард әні мен фотосурет байқаулары өтті.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер