Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Облыстық конкурстар

 

Білім беру басқармасы, Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2019 жылдың қыркүйек айында «Жыл мұғалімі – 2019», «Жыл тәрбиешісі – 2019» облыстық конкурстарын өткізеді.
«Жыл мұғалімі-2019»
Конкурс 2 кезеңде өтеді:
- аудандық\қалалық кезең 2019 жылғы 13 қыркүйекке дейін
- облыстық кезеңге өтінім 2019 жылғы 16 қыркүйекке дейін
- облыстық мамандандырылған мектептер өтінімдерді 2019 жылдың 16 қыркүйегіне дейін жібереді.
Облыстық кезең 2019 жылдың 17-24 қыркүйегі аралығында өтеді
Конкурстың мазмұны:
- шығармашылық өзін-өзі презентациялау (10 минут)
- бейтаныс сыныпта пән бойынша сабақ (40 минут)

«Жыл тәрбиешісі – 2019»
Конкурс 2 кезеңде өтеді:
1-кезең – аудандық/қалалық 2019 жылғы 10 қыркүйекке дейін
2-кезеі – облыстық 2019 жылғы 24 қыркүйекке дейін

Облыстық кезең екі кезеңде өтеді:
1-кезең (тәрбиешілердің аналитикалық материалдарын сараптау) – 2019 жылғы 13 қыркүйекке дейін (сырттай).
2-кезең – «Шеберлік класы» - ашық іс-шара (жас тобы және қызмет түрі - қатысушылардың таңдауы бойынша) – 15-30 минут.
- Pitch-презентация «Жүрегімді балаларға беремін» (10 минут), 2019 жылғы 18-19 қыркүйек.

Конкурстардың өткізілу орны қосымша хабарланатын болады.
Конкурс ережесімен Павлодар облысы білім беру басқармасының edupvl.kz және Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының icrov-pvl.gov.kz сайттарынан таныса аласыздар.
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі Мұғалімдер күніне арналған облыстық мереке аясында өтеді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер