Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

den-nezavisimosti-2019

 

 


 

ҚР Президентінің Жолдауын талқылады

 

   Білім беруді дамытудың инновациялық орталығында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің әлеуметтік және экономикалық өмірінің мәселелерін қозғайтын Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
Жолдауға сәйкес елімізде әлеуметтік жаңғырту жалғасады: білім беруді, денсаулық сақтауды дамыту, жалпыға бірдей оқытуды қолдау. Мемлекет басшысы өзінің сөзінде білім беру саласында нақты міндеттер қойды: білім беру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлу. Оқушылардың қабілеттерін анықтау негізінде кәсіптік бағдар саясаты орта білім берудің ұлттық стандартына негізделуі тиіс. Ауылдағы білікті педагог кадрлардың тапшылығы мәселесін шешу үшін Президент «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының жұмыс аясын кеңейтуді және жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруды тапсырды. Президенттің Үкіметке берген тапсырмасын ерекше атап өткен жөн – қала және ауылдық мектептер арасындағы орта білім беру сапасындағы алшақтықты азайту, сондай-ақ Жол картасы шеңберінде аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды қолдауды арттыру.
Орталық қызметкерлерін педагогтарды әлеуметтік қолдау сұрақтары – білім беру қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселелері көбірек қызықтырды.
ҚР Президентінің жолдауы Қазақстанның дамуында үлкен рөл атқарады, орталық ұжымы қойылған міндеттерді қолдайды және Мемлекет Басшысының Жолдауын жүзеге асыруға өз үлесін қосады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер