Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Алғашқы әскери дайындық бойынша оқу – әдістемелік жиын

 

   2019 жылы 4-6 қыркүйек аралығында № 43, 37 мектепте және 5512 әскери бөлімінің әскери атыс алаңында 2019-2020 оқу жылына алғашқы әскери дайындық ұйымдастырушы-ұстаздарымен жылсайынғы 3- күндік оқу- әдістемелік жиын өткізіледі. Жиынға 37 оқытушы қатысты.
Сабақтың теориялық бөлімін Павлодар қаласының қорғаныс ісі бойынша Басқарма бастығы А.Кнышбаев «Әскери жоғарғы оқу орындарына кандидат іріктеу бойынша нұсқаулық сабақтар» тақырыбы бойынша, дене шынықтыру Аймақтық оқу-практикалық орталығының басшы орынбасары Т.М. Аленов «2019-2020 оқу жылына бастауыш әскери дайындық бойынша оқу бағдарламасы» тақырыбы бойынша, «Қызыл крест» төтенше жағдай бойынша Департамент өкілі: «Адамның тіршілік әрекеті қауіпсіздігі негіздері және оқу мекемелерінде өрт қауіпсіздігінің шаралары» тақырыбы бойынша сабақ өткізді.Алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша практикалық сабақтарда саптық байқау және саптық дайындық бойынша сабақ өткізілді. 5512 әскери бөлімінің әскери атыс алаңында оқ ату,тактикалық дайындық және азаматтық қорғаныс бойынша дағдыларын игеру өткізілді.

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер