Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

№2 мектепте футбол алаңының ашылуы

 

   2019 жылғы 10 қыркүйекте Павлодар қаласының № 2 ЖОМ денсаулық апталығы аясында толықметражды футбол алаңының ашылуы мен футбол бойынша қалалық ашық турнирдің жабылу салтанаты өтті. Іс-шараға Павлодар қаласы әкімінің орынбасары С.Н. Мұқанов, туризм және спортты дамыту басқармасы басшысының орынбасары Н.А. Есембаев, білім беру басқармасы тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Г.Р. Ибраева қатысты.
Іс-шара № 39 бен № 22 мектептердің барабаншылары мен мажореткалар маршымен ашылды. «Ертіс» футбол клубының ойыншылары жас футболистерге мастер-класс көрсетті.
2018 жылы Павлодар қаласының № 22 және 43 мектептерінде толықметражды футбол алаңы ашылды, сонымен қатар № 4 және № 36 мектептерде де аталған футбол алаңдары бар.
Футбол алаңында футбол бойынша қалалық турнирдің қорытындысы өтті. I орынды №21 ЖОМ командасы, II орынды- № 24 ЖОМ командасы, III орынды- № 22 ЖОМ командасы иеленді. Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері және «Футболдың үшінші сабағы» республикалық жобасының қатысушыларына доптар сыйға тартылды. Жабылу салтанатында мектептің музыка жетекшісі Мақсат Ахметжанов спорт туралы «Батырлар әнін!» орындады. Іс-шара № 43 пен №2 мектептердің футбол командаларының жолдастық кездесуімен аяқталды.
Ашық қалалық футбол турнирі қыркүйектің 5-і мен 10-ы аралығында өтті, қаланың жалпы орта білім беру мектептерінің 3-4 сынып оқушылары құрамынан 16 команда қатысты.

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер