Управление образования Павлодарской области


 

 


 

Жакупова Айслу Хамаровна

«Самым важным явлением в школе,
самым поучительным предметом,
самым живым примером для ученика
является сам учитель»

Адольф Дистервег — немецкий педагог

Жакупова Айслу Хамаровна учитель казахского языка и литературы, директор КГУ «Луговской ООШ», педагогический стаж работы 35 лет. Цель педагогической деятельности Айслу Хамаровны- создать условия для формирования ключевых и предметных компетентностей учащихся через совершенствование методов, форм обучения казахскому языку и литературе средствами различных видов искусства, через сочетание урочной и внеурочной деятельности.
Основной целью обучения казахскому языку считает обеспечение единства процессов познания окружающего мира через русский язык, осмысление основных его закономерностей, усвоение основ лингвистики и разных видов языкового анализа, развитие абстрактного мышления, памяти, воображения, коммуникативных умений, а также навыков самостоятельной учебной деятельности. самообразования, речевого самосовершенствования.
Сегодня жизнь ежедневно требует новых идей, новых подходов в обучении. Каждый учитель на практике сталкивается с множеством проблем, с трудностями, но человек, который носит высокое звание учителя, должен уметь решать такого рода проблемы. Он постоянно работает над совершенством в обучении, в образовании. Айслу Хамаровна улучшает процесс преподавания: чтобы дети свободно и независимо выражали свое мнение, отстаивали точку зрения. Не просто выражали, а могли всегда привести доказательства и применить на практике.
Работа Айслу Хамаровны на уроках способствует речевому, интеллектуальному нравственному развитию учащихся на уроках казахского языка и литературы, а также проявлению эмоциональности и воли ребёнка, повышению мотивации, интереса к собственным высказываниям, размышлениям, следовательно, формированию коммуникативной компетенции учащихся.
В своей работе она использует разнообразные методы и формы; большое внимание уделяю здоровье сберегающим технологиям. Знания ученики добывают сами в процессе работы на уроке, анализируя и рассуждая. Стремлюсь к новым эффективным формам и методам работы с учащимися.
В своей педагогической деятельности Айслу Хамаровна формирует интерес учащихся к изучению языка и литературы через использование информационных технологий, меж предметных связей, использование разных форм уроков.
Большое внимание на уроках уделяет индивидуальной работе с детьми. На уроках лите-ратуры решает задачи литературного образования, важнейшей из которых является чтение и изучение текстов, разучивание наизусть стихотворений, отрывков из текстов. Обращаю внима-ние на выразительность, правильность чтения текста, понимание смысла прочитанного, умение ответить на вопросы по содержанию и сформулировать их самим. Ведет работу по умению пересказывать текст подробно, выборочно, сжато, выделяя главное. Учит ставить проблемные вопросы и отвечать на них.
Постоянно работаю над повышением самообразования: анализирует, использует в своей работе новинки методической литературы составляю тестовые задания, презентации. Желаем Айслу Хамаровне педагогического роста и успехов в работе! 

 


 

Білікті басшы

 

Гүлнар Шәменқызы Ерғазинова - көп жылдық тәжірибесі бар білікті маман! Біздің қамқоршымыз, үлгілі басшымызды келе жатқан ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Ұстаз-ұлағатты есім. Ұстаздық-ұлық емес ұлы қызмет. Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айтамыз. Сіз көп жылдан бері білім саласында тынымсыз еңбек етіп, осы жолда көп белес-биіктерден өткен жігерлі басшы. Ізгі ниетпен, 16-сәбилер бақшасының ұжымы!

 


 

Білікті басшы-елге құт

 

Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз”, – деген Елбасы сөзі білім қызметкерлері үшін межеге жетер жолдағы бағдаршам десек, артық айтқан емес.
XXI ғасыр инновациялық технологияларымен ерекшеленеді. Заман көшінен қалмай, ақпараттар ағынына төтеп беретін интеллектуалды, пайым-парасаты кемел, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу бүгінгі мектептің міндетіне айналып отыр. Мақсатқа қол жеткізу үшін, алдымен, мектеп басшысының өзі жаңашыл, әлемдік білім кеңістігінде білімдар ұрпақтың жолбасшысына айнала алу қабілеті бар тұлға болуы тиіс. Осы орайда өскелең ұрпақты рухани – адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеуге, тұлғаның үйлесімді дамуына ерекше мән беретін мектеп басшысы Гульсима Миннигалиевна Ахметованың өзі басқарып келе жатқан ұжымды тек биік белестерге жетелеп келе жатқанын ерекше атап өткеніміз жөн. Іскер басшының қолдауымен өткен оқу жылында “Адал ұрпақ” ерікті клубтарының облыстық слетінде Май ауданы Амангелді Иманов атындағы лицей-мектебінің «Таза жүрек» командасы жүлделі II орынға ие болса, «Театрдың ғажайып әлемі-2019» театр өнерінің облыстық фестиваль – конкурсында «Әдеби-музыкалық компизиция» номинациясы бойынша III орынға иеленді. V облыстық математикалық турнирде аудан командасы құрамында А.Иманов атындағы лицей-мектептің 4-сынып оқушысы Қаиркен Ерсұлтан II орынға қол жеткізді.
Былтырғы жылғы мектеп түлектерінің барлығы мемлекеттік грантқа ие болды.

Д.Дигельдинов
Әдістемелік кабинет әдіскері

 


 

Табысты басшы



Май ауданы Малайсары жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Анар Ахметқызы «Өз мамандығының таңдаулы иесі» деп бағалауға лайық білікті басшы. Ол «Табысты менеджер» облыстық конкурсының III орын иегері. Анар Ахметқызының басқаруымен "Мектебіме тағзым" акциясы аясында ауыл мектебінде шахмат, информатика, тоғыз құмалақ, «STEM-лаборатория» кабинеттері ашылды. Мектеп түлектерінің қолдауымен жыл сайын мектептің үздік оқушылары Алматыдағы “Алматау” лагерінде демалады. Ұстаздар мерекесі қарасыңында мектеп түлектері тарапынан «Teacher office» кабинетін ашу жұмыстары да қызу жүріп жатқанын айтады мектеп директоры.
Іскер басшының бастамасымен Малайсары мектебінің сайты 2017 жылы облыстық "Мемлекеттік тілдегі үздік сайт" байқауында І орынға иеленді. Мектеп оқушылары 2018 жылғы "Адал ұрпақ" облыстық конкурсында І орынға, облыстық "Жасын" интеллектуалдық телевизиялық байқауында І орынға, облыстық «Жас инспекторлар» сайысында ІII орынға иеленсе, 2019 жылы облыстық "Бала достары" конкурсында сайысында ІI орынға қол жеткізді.
«Туған елге тағзым ету парызым, туған жерге қызмет ету қарызым» дейтін нағыз патриот жанның талай игі іс атқаратыны анық.
Білім беру саласындағы жаңа бастамаларды іске асырушы Малайсары мектебінің ұстаздар қауымына білім сапасын арттырудағы игі бастамаларға педагогикалық ізденіс, жаңа серпін, шығармашылық табыс тілеймін!

Н.Адамжанова
Әдістемелік кабинет меңгерушісі

 


 

Жаңашыл ұстаз, іскер басшы

 

Еңсебаев Руслан Ерікұлы Май ауданы Аманкелді Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектебінде физика-информатика пәнінің мұғалімі және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Жаңашыл ұстаз Педагогикалық шеберлік орталығының және білім беру бөлімінің қолдауымен Астана қаласына келген жапондық Тошия Чичубымен кездесіп, 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» ІІ өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, іс-тәжірибесімен бөлісті. Мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл - Lesson Study әдісін аудан мектептеріне енгізуді белсенді насихаттаушы ретінде Руслан Ерікұлы НЗМ тығыз байланыс жасай отырып, жыл сайын облыстық, аудандық семнарларда, конференцияларда іс-тәжірибесін ортаға салады.
Жаңашыл ұстаз, іскер басшы 2018 жылы «Менің үздік коучингім» облыстық конкурсында III орынға, 2017 жылы облыстық «Үздік педкеңес бағдарламасы» облыстық сайысында «Шығармашыл» номинациясына, 2016 жылы облыстық «Жыл мұғалімі» конкурсында «Ізденімпаз» номинациясына иеленгген.
Оқушысы Қайыргелді Ерасыл 2018 жылы облыстық ғылыми жобалар сайысында физика пәнінен ІІІ орын иеленді.

Г.Зайырова
Әдістемелік кабинет әдіскері

 


 

Шамилова Тамара Викторовна
Ақтоғай ауданы Приреченск орта мектебі
«Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан»

 

Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Бүгінгі күні ұстаздық жолында Приреченск орта мектебінде 32 жыл орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шамилова Тамара Викторовна шәкірттер тәрбиелеп келе жатыр.
Шамилова Тамара Викторовна 5 қыркүйек 1963 ж, Павлодар обл, Краснокутск ауданы, Краснокутск ауылында дүниеге келген. Білімі–жоғары. Әлеуеті жоғары, өскелең ұрпаққа үлгі бола алатын Тамара Викторовна мемлекеттік стандартқа сай өз пәні бойынша теория мен әдістемені еркін меңгерген ұстаз, пәні бойынша берік білімімен ерекшеленеді. Оқытудың жаңа инновациялық әдістері мен тәсілдерін қолдана алады. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің аудандық және облыстық шығармашылық тобының белсенді мүшесі. Тынбай еңбек ету нәтижесінде 2018 жылы - қысқа мерзімді сабақ жоспарлары республикалық әдістемелік педагогикалық «Мастер-класс» журналында; мұғалімдерге арналған «Инфоурок», «Копилка уроков» сайттарында, «Интолимп» интернет жобасының сайтында, «Знанио» білім порталында жарияланды. «Зиат» ҒӘО республикалық сайысында І орын жүлдегері – «Үлгілі сабақ»; «Зиат» ҒӘО орыс тілінен элективті курс бағдарламалар сайысында ІІ орын жүлдегері; республикалық «Алтын Ұрпақ», «Зиат» сайыстарының жүлдегері (І, ІІ орын); республикалық қашықтық «Менің заманауи сабағым» атты педагогтердің кәсіптік шеберлік сайысының І орын жүлдегері.
Оқушылары халықаралық қашықтық «Интербриг», «Вектор успеха», «Олимпиады «Инфоурок», «Видеоурок», Олимпиада «Умната» сайыстарының жеңімпаздары. «Жаңа сабақ» жобасының орыс тілі мен әдебиеті пәнінен халықаралық блиц-турнирдің жүлдегерлері. Оқушысы Хероим Ирина «Генофонд Евразии» ҒӘО республикалық «Лучший каллиграфист» сайысының ІІ орын жүлдегері. Оқушысы Кочетова Виктория «Алтын Ұрпақ» республикалық білім орталығының «Моя земля – Мой Казахстан» сайысының «Литературное произведение» номинациясының жеңімпазы. Оқушылары облыстық «Менің Лермонтовым» эссе сайысының, халықаралық «Русский медвежонок» сайысының қатысушылары.
Мұғалім оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оқушы бойында ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайлық пен кішіпейілділік қасиетерін қалыптасытыруға , баланың жан дүниесін рухани қазыналар мен байытуға халықтың әдет-ғұрпын , салт дәстүрін меңгеруге де, көңіл бөледі.
Жауапкершілігі мол адал да мейірімді әділ де парасатты рухани дүниесі бай педагогтар қана балаға білім мен тірбие беріп оның жан дүниесіне әсер ете алады.
Құрметті Шамилова Тамара Викторовна, мектеп ұжымы және ата-аналар атынан сізге өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және білімдерін шыңдауда кәсіби шеберлігіңіз бен зор шығармашылық еңбегіңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.


Құттықтаушылар: Ақтоғай ауданы, Приреченск орта мектебі

 


 

 

Менің ұстазым

 

Ұстаз – ұлы тұлға. Ұстаздық жол – ауыр да, қызыққа толы жол. Сол ұстаздық жолында 25 жылдан астам қажырлы еңбек етіп келе жатқан менің ұстазым және де қазіргі уақытта әріптесім болып жүрген тарих пәнінің мұғалімі – Шакиев Серик Кошербайұлы жайлы айтқым келеді.
Серік Кошербайұлы осы Май ауданына жас маман болып келгенде алғашқы еңбек жолын Жалтыр орта мектебінде бастаған еді. Сол кезде маған қазақ тілі пәнінен сабақ беретін. Әлі есімде мұғалімнің сабақтары өте қызықты , тартымды өтетін. Мен әдебиет, қазақ тілі тілі содан шығар жаксы көріп кеттім. Сабақта оқушыларды өзіне тарта алатын, ертегі, аңыздар айтып бізді біліммен сусындатты.
Қазіргі кезде Серік Көшербайұлы тарих пәнінен сабақ береді. Менің қызым осы мұғалімнің алдынан білім алды. Үнемі қызымнан ол кісінің сабағы өте ұнайтынын, сол сабаққа қатысқысы келетінін айтып жүретін. Қатаң талап қойса да, балалармен жақын тіл табысып, ақылын айтып, өмірде білімнің ең қажет екенін айтып жүретінін еске алып отырады. Сабақта тарихты өз сөзімен ертегі сияқты айтып, оқушылардың тілімен жеткізе білетін ұстаздың бірі.
Мектептің, ауданның мәдени іс – шараларына белсенді қатысып, ауданның 80 жылдығына арнау жазып, әкімнің алғыс хатымен де марапатталды.
Серік Көшербайұлы – ұстаздық жолымен қатар, өлең жазу өнерімен де айналысады. Оның өзінің туған жеріне, әріптестеріне, достарына, туған- туыстарына жазған өлеңдері де аз емес.
Серік Көшербайұлына ұстаздық жолында жетістік, өнер жолында шабыт пен шығармашылық табыс, отбасына амандық тілейміз.

Баянбаева Асем Бекмуханбетовна
Бастауыш сынып мұғалімі

 


 

 

Республикалық сайыс тжеңімпазы

 

Байбеков Шалқар Зиядаұлы Майтүбек жалпы орта білім беретін мектебінде АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы болып қызмет атқарады. 2016 жылы Орал қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен АӘД пәні мұғалімдері арасында өткізілген республикалық байқауда I орынға иегері.
2018 жылы (Тәжік-Ауған шекарасында және әскери қақтығыстарына қатысушылардың) Ардагерлер одағының республикалық қоғамдық бірлестігі және республикалық «Білім және ғылым» шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен Семей қаласында өткен «Алғашқы әскери дайындық пәнінің үздік оқытушы-ұйымдастырушысы» республикалық сайысында 33 қатысушының ішінде II орынға иеленді. Сондай-ақ конкус аясында тест тапсырмасын орындау бойынша III орынға қол жеткізді. Жалпы есепте жеңімпаз атанған ұстаз Ардагерлер одағының республикалық қоғамдық бірлестігінің төсбелгісімен және дипломымен марапатталды.

М.Маженов
әдістемелік кабинет әдіскері

 


 

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай рақат, шын бақытын тапса адам.


Мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Қиын да маңызды міндеттерді жүзеге асыра алатын, тек ұлағатты ұстаз. Осындай ауыр жүкті алып жүріп, оқушыларды терең біліммен қаруландырып, үлкен өмірге дайындау тек білікті ұстаздарымыздың қолынан келмек.
Мектеп өміріне белсенді араласып жүретін ұстазымыз Сейлханова Ғалия Тұрсынтайқызы – өз ісінің шебері, балалардың досы, ата – аналардың алдында беделі жоғары ұстаздың бірі.
Әріптесімізге еңбек жолында шығармашылық табыс, оқушылары білімнің биік шыңында көруіне тілектеспіз.

Шарипбекова Раушангүл
Бастауыш сынып мұғалімі.

 


 

Аушенов Медет Аманболұлы
ЕҢБЕГІ ЕРЕН ҰСТАЗ

 

Ұстаз–ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие мен жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Шынайы ұстаз өз шәкірттерінің жүрегінде білімге деген сарқылмас ынта–ықыласын оятады. Небір данышпан да, қарапайым еңбек адамы да осы ұстаз алдынан өтеді. Сондай ұлағатты ұстаз, білікті басшылардың бірі – Аушенов Медет Аманболұлы.
Аушенов Медет Аманболұлы 1979 жылы туған, білімі–жоғары. Павлодар облысы Ертіс ауданы, Ынтымақ елді мекенінде дүниеге келген. Көп жылдар бойы директорлық қызмет еткен әкесі Аушенов Аманболұлынан үлгі алып, педагогикалық еңбек жолын 1998 жылы бастаған.
Шыңдалған еңбектің арқасында қызметтік сатыда жоғарланып, 2006 жылы Қараағаш жалпы орта білім беру мектебінде директорлық лауазымына тағайындалды.
Медет Аманболұлы - білікті басшы, ұстаз ғана емес, сүйікті жар, ағайын – туыс арасында беделді – абыройлы ер – азамат. Иә, "Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады" демекші, білікті басшы, шығармашыл тұлға, ұжым мақтанышы. Сондықтан, білім сапасының артуына өз үлесін қосып, талай жыл талмай-қажымай еңбек етіп келеді, ол кісінің өз тұғырынан түспей, әлі де біраз белесті бағындыра алатынына сеніміміз мол.

 


 

Нұрғалинва Гауһар Армиянқызы
Қарақұдық жалпы орта білім беру мектебі

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы

 

Әлемдегі ең аяулы, таңдауы көп, мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Ұстаз – барлық мамандық иесін тәрбиелеп шығаратын білім, ілім жолындағы ізгі қызметтің бірі, шамшырағы.
Бүгінгі күні ұстаздық жолда 30 жылдай еңбек етіп келе жатқан Қарақұдық ЖОББМ-нің информатика пәнінің мұғалімі Г.Армиянқызы қаншама шәкірттер тәрбиелеп келе жатыр.
Нұрғалиева Гаухар Армиянқызы 1969 жылы 10 шілде де Опытный станциясында дүниеге келген. Екі баланың анасы.
Тәжірибелі, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, білім беру саласының дамуына үлкен үлес қосқан, пән бойынша жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейі бар, білім беру үрдісін басқарудың нормативтік-құқықтық, бағдарламалық-әдістемелік, ұйымдастыру-педагогикалық негіздерін иемденген Г.Армиянқызы оқу-тәрбие үрдісін тұрақты оң нәтижемен қамтамасыз ету үшін педагог оқушыларға дифференциалданған амалдарды, әдіс, форма және оқыту құралдарының тиімді үйлесін қолданып, сабақтары қызықты, оқу үрдісін нақты ұйымдастырумен, терең ғылыми мазмұнымен, жоғары әдістемелік шеберлікпен, тәжірибелі бағытымен ерекшеленеді.
Әріптестермен дұрыс қарым-қатынаста болуға оған ашық мінезі, түбегейлігі және мейірімділігі көмектеседі, ол мектеп педагогтері, оқушылар және ата-аналар арасында зор құрметке ие.

 


 

 

Еселі еңбек иесі

 

Еліміз қарыштап алға басып, озық елдермен иық тірестіре алу үшін сан салада өз ісінің шеберлері аянбай еңбек етуде. Осы орайда ұстаздар қауымы ерекше жауапкершілікті сезініп, болашақтың іргесін қалайтын жас ұрпақты тәрбиелеу ісін жаңа серпінмен қолға алуда. Мектебімізде өзінің бар қажыр-қайратын, күш-жігерін сарп қылып, тәуелсіз еліміздің болашағы жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып келе жатқан ұстаздарымыз баршылық. Солардың бірі Мухаметжанова Райгүл Жетпісқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып 2003 жылдан бері Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатында қызмет атқаруда. Осы уақыт аралығында ол өз ісінің шебері ретінде таныла білді.
Р.Ж.Мухаметжанованың бойындағы бір қасиеті - терең білімі мен өз пәніне деген сүйіспеншілігі. Ұстаздың сабақ беру әдісі мен технологиясы да өзгеше. Оқушының тұлғалық даралығын тани білетін ұстаз бала бойындағы ешкім байқай қоймайтын қабілеттерін шыңдай біледі. Осының себебінен болса керек, бүгінгі таңда Райгүл Жетпісқызын жаңашыл ұстаз ретінде танимыз.
Майталман ұстаз оқытуда сын тұрғысынан ойлау әдісінің кез келген стратегияларын құнды әрі бағалы екенін ескере отырып, сабақ беруде оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдана алады. Сабақтарыңда АКТ-ны қолдану, талантты және дарынды оқушылармен жұмыс, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты білім беру және оқыту, білім берудегі басқару мен көшбасшылық сынды модульдерді жүйелі әрі тиімді пайдаланады.
көздеп, ізденістер нәтижесінде 2018 жылы ф.ғ. к., ғалым Г.Т.Карипжанова және әріптестері А.Т.Абаева, Б.М.Окпинамен бірлесе отырып, Семей қаласындағы «Үш биік» баспасынан 10-сыныпқа арналған «Әдеби өлкетану» оқулығын құрастырды.
Ұстаз ретінде өз білімін шыңдаудың бір жолы ғылыми семинарлар мен конференцияларға қатысу деп білгендіктен, облыстық, республикалық дәрежедегі конференцияларда тәжірибе бөлісуді жөн санайды.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында ұйымдастырылатын курстарда білімін жетілдірген әріптесіміз мектептегі жас мамандарға білгенін үйретуден жалыққан емес. Соның айғағы ретінде 2019 жылы “Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқыту процесін жобалау” курсын ойдағыдай тәмамдағанын тілге тиек ете аламыз.
Райгүл Жетпісқызы – үнемі шығармашылық ізденістегі мұғалім. Ұстаз авторлық бағдарламалар мен облыстық, республикалық сайыстарға қатынасып, жүлделі орындарды қанжығасына байлап келеді. Қазақ тілі пәнінен республикалық қашықтық олимпиадасында бақ сынаған ұстаз 2019 жылы жеңімпаз атанып, мерейімізді өсірді.
Республика көлемінде жарияланымдары арқылы танылған Райгүл Жетпісқызы «Ұстаз тілегі» сайтына жиі мақала, ашық сабақ әзірлемесін жолдап, нәтижесінде сайт Алғыс хаты мен Құрмет громотасымен марапатталды.
Райгүл Жетпісқызының шәкірттері – републикалық деңгейде өтілетін түрлі байқаулардың жеңімпаздары. Атап айтқанда, 2017 жылы республикалық Мағжан оқуларының ақындық бағыты бойынша Оразбай Мәрлен І орынға, ғылыми жоба бойынша Изюмская Жанна ІІІ орынға, 2018 жылы "Ақберен" байқауында Оразбай Мәрлен ІІІ орынға, 2018 жылы Мұқағали оқуларында Гүлнара Жанболат "Көрермен көзайымы"аталымына ие болды. 2018 жылы "Әбіш оқуларында" «Король Лир» драмалық қойылымына бірнеше оқушысы Гүлнара Ж., Жаябаева Д., Оразбай М., Наурызбай Г. қатысып, ІІІ орынға қол жеткізді. 2018 жылы Үздіксіз даярлықты қажет ететін Абай оқуларында Жаябаева Даяна 310 өлеңді жатқа оқып, ІІІ орынды, 2018 жылы қашықтық олимпиадада Мырзагалиева Диляра І орынды, 2019 жылы Мәшһүр -Жүсіп оқуларында "Бас жүлдені" Турсунхан Райымбек жеңіп алып, С. Торайғыров атындағы ПМУ Грант иегері атанды.
Райгүл Жетпісқызының жетістіктері мұнымен шектелмейді. Жылма-жыл шәкірттері білім мен өнер шыңдарын бағындырып, мектебімізді республика көлемінде әйгілеуде.
Ұстаз еңбегі бағаланып, жоғары марапаттарға лайық деп танылды: республикалық деңгейде 2015 жылы ҚР БҒМ Алғыс хаты, Мағжан оқуларында 2017 жылы «Ұстаздық еткен жалықпас» Алғыс хаты, Мұқағали оқуларында 2018 жылы Грамота , облыстық деңгейде Павлодар облысының 2017жылы Білім беру басқармасының Алғыс хаты табыс етілді.
Ұстаз ақылын ғибрат еткен мектеп түлектері бүгіндері байтақ Қазақстанның түкпір-түкпірінде еңбек майданының сан тарау саласында еңбек етеді.
Ол – төл әдебиетіміздің ата-бабамыздан келе жатқан таусылмас қазынасын, қуатты күшін оқушылар бойына дарытып, шәкірттерін шығармашылыққа баулып жүрген талантты, жаңашылдыққа жаны құштар, ұдайы ізденіп, шығармашылығын жетілдіріп отыратын “Руханият” әдістемелік бірлестігіндегі ізденімпаз ұстаздардың бірі.
Райгүл Жетпісқызы сияқты ұстаздардың ерен еңбегінің арқасында облыс әкімі Б.Ж.Бакауов мырза білімнің қара шаңырағы атанған мектеп ұжымына 50 миллион теңгенің Грантын табыс етті.

Әріптестері: Г.Қ.Ахметова, А.Т.Абаева, Б.М.Окпина, М.Б. Касыбаева

 


 

 

Шәкірттерін шыңға бастаған білікті басшы, тәжірибелі ұстаз

 

Ұстаз деген ұғым біз үшін қашанда қадірлі, қасиетті. Небір данышпан да, қарапайым еңбек адамы да ұстаз алдынан өтеді. «Ұстаз болу өз уақытын аямау, өзгенің уақытын аялау» деп тегін айтпаса керек. Осындай құрметті атаққа кір келтірмей, бар саналы ғұмырын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге жұмсаған ұлағатты ұстаздар арамызда аз емес. Сондай ұстаздардың бірегейі - қарапайым ұстаздықтан оқу ісінің меңгерушісіне дейін көтеріліп, осы салада 12 жыл абыройлы еңбек етіп келе жатқан Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының оқу ісінің меңгерушісі Оразбаева Кулязи Кабдулловна.
Кулязи Кабдулловна - бүгінгі таңда егеменді еліміздің ертеңі болар жас ұрпақтың білімді әрі заман талаптарына сай әлеуетті, жан-жақты азамат болып қалыптасу жолында қызмет атқарып жүрген еліміздегі майталман ұстаздардың қатарынан нық орын алатын білікті, тәжірибелі маман. Неге десеңіз, мектебімізде 25 жылға жуық жауапкершілігі зор еңбек жолында Кулязи Кабдулловнаны біз өз пәнін жетік білетін білімді мұғалім ретінде танысақ, екінші жағынан, инновациялар мен жаңалықтар тоғысқан кезеңде ұстаздар ұжымымен жұмыс істей білетін, мұғалімдерді алға жетелеп келе жатқан көшбасшымыз деп білеміз.
Заман талап етіп отырған сан түрлі жаңа педагогикалық технологияларды, қазіргі ұтымды әдістемелік тәсілдер мен амалдарды өз тәжірибесінде жүзеге асырып, шәкірттердің қызығушылық қабілетін оятуға, пәнді сапалы, терең меңгертуге бар күш-жігерін сала қызмет етуімен де ерекшеленеді.
Өз ісінің шебер маманы, өзінің еңбексүйгіштігі, табандылығымен ұстаздар ұжымында үлкен беделге ие. Ол - оқу үрдісінде шығармашылық ізденістермен көп табысқа жетуге болатынын дәлелдеген бапкер ұстаз. Жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, күрмеуі қиын мәселелерді шешуде де ақыл-кеңесін аянбай, шығармашылыққа баулып жатады. Басшылық ету, ұйымдастыру жұмыстарында әрдайым әділділігі мен парасаттылығы, адамгершілігі мен сабырлығымен тың шешімдер қабылдап, ұжымды мақсатты іске жұмылдыра біледі. Бұл Кулязи Кабулловнаның оқу ісінің меңгерушісі ретінде мектебіміздің білім саласындағы тұрақты жүргізіп отырған сарабдал іскерлігінің басты көрінісі болып табылады. Ұжымымыздың жүйелі жұмысы мен нәтижелі еңбегі және сапалы білім жетістігі арқасында 2019 жылы мектебіміз «Оқытуда және тәрбиелеуде жоғары жетістіктерге жеткені үшін» Павлодар облысы әкімінің арнайы грантын жеңіп алды. Бұл да көшбасшымыз Кулязи Кабдулловнаның ерен еңбегінің жемісі екені анық. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші білім деңгейімен өлшенеді. Мектебіміздің соңғы үш жылғы көрсеткішінен ҰБТ–ның динамикасынан байқауға болады:
2016-2017 оқу жылында орта көрсеткіш 106 ұпай болып, 93% - ы жоғары оқу орнына түсті, 2017-2018 оқу жылында орта көрсеткіш 100 ұпай болып, 100% - ы жоғары оқу орнына түсті, 2018-2019 оқу жылында орта көрсеткіш 105 ұпай болып, 100% - ы жоғары оқу орнына түсті. Білім көрсеткіші сәйкесінше 87,5%, 87,9% және 90,2% құрайды.
Білім саласындағы еңбегінің жемісі бағаланып келесі марапаттауларға ие болды.
2005 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды, 2009 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы Алғыс хатымен марапатталды, 2010 жылы «Дарын» РҒПО Құрмет грамотасымен марапатталды, 2011 жылы Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының Алғыс хатымен, 2015 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы», 2017 жылы Облыс әкімі «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Өз тәжірибесімен бөлісу, қашан да кешенді істердің басынан көріну, шын жанашырлық танытып жүрген ғибрат-кеңесі мол әдіскер – Оразбаева Кулязи Кабдулловна жас ұрпақты қайырымдылық, адамгершілік, тәлімгершілік және білім нәрімен сусындата беретініне сеніміміз мол.

 


 

 

 

Омарханова Гүлдана Құрманғазықызы
Сілеті жалпы орта білім беру мектебі
Ұстаз-ұлы есім

 

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жан. «Мұғалім мамандығы -барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді.Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді
Сондай ұстаздардың бірі – Сілеті жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Омарханова Гүлдана Құрманғазықызы. Гүлдана Кұрманғазықызы 2000жылы Кокшетау педагогикалық колледжін бастауыш сынып мұғалімі, Кокшетау мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 2004 жылы аяқтап, 19 жыл бойы бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарып келеді.Сонымен қатар мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісінің қызметін қоса атқаруда. Ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған Гүлдана Құрманғазықызы жайлы ерекше ілтипатпен айтуға болады. Ол – ұлағатты ұстаз. Себебі ғибратты ғұмырының қымбат шақтарын болашақ буындарды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнап келеді. Өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құя білген Гүлданадай ұстаздың өмірі – болашақ үшін үлкен өнеге. Жас ұрпақты тәрбиелеуде қосқан үлесі үшін Ертіс ауданының білім бөлімінің алғыс хатымен,Маслихаттың Құрмет грамотасымен марапатталды. Гүлдана Құрманғазықызы— үнемі тынымсыз ізденіс пен шығармашылықты жаны қалайтын ұстаздыққа риясыз берілген жан.Жоғары санатты ұстаз.Гүлдана Құрманғазықызының қарапайымдылығы мен ұқыптылығы, еңбекке деген ерекше ынтызарлығы өзгелерден оны ерекшелендіреді. Оның қайсар мінезі, қазақи ақжарқындығы мен қызметіне деген адалдығы жас мамандар үшін үлгі боларлық. Гүлдана Құрманғазықызы тек қана нағыз ұстаз ғана емес , өз отбасының мәуелі бәйтерегі. Жолдасы екеуі үш қыз тәрбиелеп отырған өнегелі отбасы. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болады.

 

 


 

 

 

«Тұғыры биік - ұстазым»

Шухаманова Рашиля Кенжебайқызы
Қараағаш жалпы орта білім беру мектебі

 

«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды , ұстаз шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды» демекші ,ұстаз – қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Сондықтан қоғам талабына сай шебер мүғалім болу –заман талабы. Өз ісіне берілген , жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жаннына нұр құйып жүретін ұстаздардың жөні бөлек. Сондай адамдардың бірі- Қараағаш жалпы орта білім беру мектебінің ұстазы Шухаманова Рашиля Кенжебайқызы
Көп жылдар бойы талмас еңбегі арқылы көптеген шәкіртерге бастауыш білім беріп жүрген Рашиля Кенжебайқызы 1963 жылы 9 ақпанда Павлодар облысы, Ертіс ауданы Северный ауылда дүниег келген. 1969 жылы Чапев атындағы сегізжылдық мектепке 1 сыныпқа барып, 1977 жылы сегізжылдық мектепті бітіріп куәлік алады. 1977-1979 жылдары Северный орта мектебінде 9,10 сыныпта оқып орта білім алған. 1979 жылдан бастап Қараағаш жалпы орта білім беру мектебінде мұғалім болып жұмыс істеп келеді. 1981-1984 жылдары В. Воровский атындағы Павлодар педагогикалық училищеде бастауыш сынып мұғалімі мамандағын аяқтайды. 2002-2005 жылдары Павлодар университетінде хамия жіне биалогия пәндері мамандығы бойынша жоғарғы білім алды. Осы кезде жоғарғы санаттағы мәртебелі ұстаз.
Ұстамды, сабырлы , қазаққа тән мінезі бар адам, Асып-саспай, ашуға жол бермей жай сөйлеп ойындағысын толық жеткізе алатын қасиетіде бар.
Мұғалім оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оқушы бойында ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайлық пен кішіпейілділік қасиетерін қалыптасытыруға , баланың жан дүниесін рухани қазыналар мен байытуға халықтың әдет-ғұрпын , салт дәстүрін меңгеруге де, көңіл бөледі.
Жауапкершілігі мол адал да мейірімді әділ де парасатты рухани дүниесі бай педагогтар қана балаға білім мен тірбие беріп оның жан дүниесіне әсер ете алады.
Мектеп ұжымы және ата-аналар атынан сізге өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және білімдерін шыңдауда кәсіби шеберлігіңіз бен зор шығармашылық еңбегіңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.


Қараағаш ЖОББМ
Тәрбие ісінің меңгерушісі
Хапыш. Х.

 

 


 

 

 

Ұстаздық еткен жалықпас...

 

Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.

 

Абай Құнанбайұлы.

 

Білім ордаларында бүгінгі таңда оқытылып келе жатқан математика пәнінің бағыт-бағдарламасы ұстаздан аса бір ұқыптылықты, тиянақтылықты әрине, әрі жан-жақтылықты талап етеді. Әйтпесе, сапалы білімді шәкіртке үйрету мүмкін емес. Осы бүгінгі талапқа сай инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқыту ісінде табысқа жету-аса күрделі іс.
Баянауыл ауданы Академик Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу- тәрбие кешенінің математика пәнінің мұғалімі Сәбит Әбдікенұлы Ибадуллин мектепте білім беру ісіндегі көшбасшы озық маман иесі.
Сәбит Әбдікенұлы осы білім ордасының түлегі, мектеп бітіргеннен кейін Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін 1992 жылы тәмамдады.
Бала кезінен армандаған ұстаздық жолдың қыр-сырының күрделілігіне қарамастан, «Ізденген жетер мұратқа» демекші, өз ісін жан-тәнімен сүйіп, сол салада 26 жыл еңбек етіп , кез келген қиыныдықты жеңіп, бүгінгі күнде жеттістікке қол жеткізіп отыр.
2001 жылы облыстық кәсіподақ кеңесінің Құрмет мадақтамасы, 2017-2018 жылдары Павлодар облысының «Нұр Отан» партиясының Алғыс хатымен марапатталды. Биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында аудандық тамыз конференциясында Павлодар облысының білім беру басқармасының Құрмет мадақтамасымен марапатталып, зор құрметке ие болды.
Абай ақын «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады» деген екен. Жақсы ұстаз берген сапалы білім мен саналы тәрбие шәкірт бойынан табылса,нұр үстіне нұр! Осы тұрғыдан алғанда оқытқан шәкірттер арасында мектепшілік, аудандық және облыстық, республикалық, халықаралық түрлі байқаулардан сүрінбей өтіп, жүлдегер атанғандар баршылық. Олардың қатарында - Аян Мақсұт, Мақсат Әнуарбеков, Ақбаян Башар сынды дарынды шәкірттер.
Қашанда шығармашылық ізденіс үстінде жүретін ұстаз тек конференция, жиындарда ғана емес,өз тәжірибесімен газет-журнал беттерінде де бөлісіп келеді.
Бір сөзбен айтқанда өз туған топырағында өркен жайып, айналасына білімнің шуағын шашып, отбасында қамқор әке, ардақты жар сегіз қырлы, бір сырлы абзал жан.
Еңбегіңіз жемісті бола түссін,құрметті ұстаз!


Г.А.Ахаева,
Қаныш Сәтбаев атындағы мектептің мұғалімі

 

 


 


Ұстаз-дана


«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- деп халқымыздың бас ақыны ұлы Абай жырлағандай