Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Павлодар облысында мұғалімдер күні 60-тан аса педагог марапатталды

 

   Мұғалімдер күніне арналған мерекелік концерт пен марапаттау рәсімі Естай атындағы Мәдениет сарайында өтті. Облыс әкімі Болат Бақауов ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, өңірде барлығы 20 мыңнан астам педагог еңбек ететінін атап өтті.
- 2020 жылдың наурыз айында Дубайда Дүниежүзілік Білім және ғылым форумы өтеді. Сол жерде «Әлем мұғалімі» сыйлығы мен бір миллион доллар ақшалай сыйақы иегерлерінің есімдері аталады. Павлодарлық педагогтар үшін өздері туралы республика деңгейінде ғана емес, бүкіл әлемге мәлімдеу мүмкіндігі пайда болды. Қазақстандық педагогтар қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің белсенді қызметінің арқасында беделді кәсіби сыйақыға қатыса алады,-деді облыс әкімі.
Өңір басшысы өткен оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасын қамтамасыз етудегі жоғары нәтижелері үшін педагогтарға алғысын білдірді.
- Әрдайым алдыңғы қатарда болу дәстүрі жыл сайын педагогтар қатарына қосылатын жас буын ұстаздармен жалғасуы тиіс.Павлодар облысы өз ұстаздарын әрқашан да мақтан тұтады. Олардың ішінде республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған ұстаздар бар. Солардың ішінде 40-тан астам оқушы тәрбиелеген Билида Анатолий Николаевич бар. Биылғы жылы Анатолий Николаевич дәстүрлі тамыз педагогикалық конференциясында Мемлекет басшысының қолынан «Құрмет» орденін алды. Жас педагогтардың ішінде Абай атындағы №10 лицей-мектебінің информатика пәні мұғалімі Рахметов Нұрболат Заркумұлы, дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының физика пәні мұғалімі Әуелбаева Камила Бахытбайқызы - математика, информатика және физика мұғалімдерінің халықаралық шығармашылық байқауында жеңіске жетті. Аймақта білім беру жүйесін қаржыландыру көлемі жыл сайын артуда. Өткен жылы бұл мақсатқа 65 млрд теңге бөлінсе, биыл бұл сома 75 млрд теңгеге дейін ұлғайған. Соңғы үш жылда республикалық және жергілікті бюджет есебінен облыста 8 жаңа мектеп салынды. Оның бесеуі - ауылдық жерлерде,-деді Болат Жұмабекұлы
Бұл күні облыстың 61 үздік педагогы түрлі дәрежедегі марапат алды. Оларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Павлодар облысының әкімі атынан құттықтады.
Іс - шара аясында "Жыл мұғалімі – 2019", "жыл тәрбиешісі-2019"облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Гран - при және "Жыл мұғалімі-2019" атағына аудандық Малыбай ЖОББМ биология пәнінің мұғалімі Аққулы Айгожин Айтмұқан Бекболатұлы ие болды.
I орынды дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей – интернатының ағылшын тілі мұғалімі Даулетқали Аспандияр Әсетұлы иеленді.
II орын-Сапарғалиев Жанкелді Шаймұратұлы, №22 ОМ география пәні мұғалімі. Дарынды қыз балаларға арналған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернатының физика пәні мұғалімі.
III орын-Құмар Тлеужан Қуатұлы, № 8 ЖОМ биология мұғалімі
Ақсу қ. және Жұмабаев Дархан Маратұлы, Баянауыл ауданы №1 Майқайың ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.
Бас жүлде мен "Жыл тәрбиешісі - 2019" атағына Ақсу қаласының мамандандырылған "Асыл бөбек" бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Диана Мұратқызы Каликова ие болды.
I орынды Павлодар қаласының №6 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Жұмағозина Жанаргүл Нұрланқызы алды.
II орын-Касенова Ментай Куанышевна, Баянауыл ауданы Майқайың кентінің балабақша тәрбиешісі.
III орын-Дорошенко Раиса Михайловна, Ертіс ауылының сәбилер бақшасының тәрбиешісі.
"Шебер ұстаз", "Мейірімді жүрек", "Аялы алақан", "Асылын беріп шәкіртке", "Зерттеуші педагог" номинациялары бойынша педагогтарға құрмет көрсетілді.»
Педагогтарға мұғалімдер күні облыстың үздік балалар шығармашылық ұжымдары мерекелік концерт сыйлады, қазақстандық эстрада жұлдызы, әнші Алтынай Журабаеваның өнер көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер