Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Туған әдебиет жанашыры

 

   2019 жылдың 27 қыркүйегінде «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы шеңберінде мемлекет қайраткері, жазушы, ғалым, ұстаз Жүсіпбек Аймауытұлының туғанына 130 жыл толуына орай облыс мектептері ұстаздарының арасында «Сөз жампозы - Жүсіпбек» атты  эссе жазу байқауында Адамжанов Ханбек Жұманұлы жүлделі 3-орынды иеленді. Май ауданы Көктөбе мектебінің мұғалімі байқауға құштарлықпен қатысқанын, жазушы шығармаларына аса ден қоятынын айтқан болатын. Сондай-ақ байқаудың киелі Қызылтау – Жосалы өңірінде болғанына, ұйымдастырушылар тарапына ризашылығын айтып өтті. Жергілікті тұрғындарының Жүсіпбек өмірінің баспа бетінен көрінбеген тұстарынан мол хабардар екеніне тәнтті болғанын, жазушы мұрасын елінің бір кісідей білетініне қайран қалатынын айтты. Мектеп ұжымы  алдағы уақытта да Ханбек Жұманұлына биік тұғырдан көрінуіне беруіне тілектерін білдірді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер