Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Балалар үйінің 10 тәрбиеленушісі «Спорт шеберіне кандидат» атағына ие болды

 

   2019 жылы маусым айында Алматы қаласында балалар үйлері мен мектеп-интернаттар тәрбиеленушілері арасында баскетболдан «Үміт кубогы» атты XIV республикалық чемпионат өткен еді. Бұл турнир осымен он төртінші рет Ұлттық баскетбол федерациясы мен Халық банкінің «Халық» қайырымдылық қорының бастамасымен жыл сайын өткізіліп келеді.
Әлеуметтік маңызы бар чемпионат тәрбиеленушілерді салауатты өмір салтымен таныстыруға, жас ұрпақты спортқа тартуға, елдегі баскетбол ойынын танымал етуге, командалық ойын өрнегін арттыруға және дарынды спортшыларды анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Ұлттық лигада ойнап жүрген бес кәсіби баскетболшы осы турнир арқылы көзге түсті.
Биыл Қазақстанның түкпір-түкпірінен он жеті команда турнирдің басты олжасын сарапқа салды. Павлодар облысының намысын Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының жасөспірімдер командасы қорғады.
Турнирдің ақтық бөліміне Петропавл, Павлодар, Семей және Екібастұз командалары шықты. Командалар айналма ойын жүйесі бойынша сайысқа түсті. Біздің спортшылар белсенділік пен жігер танытып, жеңіске деген құштарлықтары арқасында жарқын ойын көрсетті. Балалар тактикалық тұрғыдан сауатты әрекет етіп, көрермендерді әдемі ойынымен қуантты. Бұл жолы сәттілік жалауы павлодарлық жас баскетболшылардың төбесінде желбіреп, олар турнир тарихында алғаш рет алтын медаль алды.
Сайыс соңында марапаттау рәсімі сән-салтанатпен өтті. Оған Қазақстан Халық банкі басшылығының өкілдері Лариса Коковинец, ҚР ҰБФ басшысы Ален Танатаров, Қазақстан құрамасының ойыншысы Рустам Мурзағалиев және баскетболдан Қазақстан ардагерлері Владимир Сорока мен Виктор Жевагин қатысты. Жеңімпаз командаларды марапаттау алдында турнирдің ең үздік он ойыншысы аталды, солардың бірі - Павлодар командасының капитаны Владимир Уразбаев.
Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орынды иеленген командаға «Үміт кубогы» жеңімпазы атағы берілді. Үздік командаға чемпионат демеушілерінен медальдар мен бірінші дәрежелі дипломдар табысталды. Ал осы күзде Қазақстан Республикасының Бірыңғай спорттық классификациясына сәйкес команданың барлық спортшылары «Спорт шеберіне кандидат» атағына ие болды.
Турнирдің ұйымдастырушылары мен демеушілеріне арнайы әлеуметтік топ балалары арасында баскетболдан чемпионат өткізу бастамасын көтергені үшін алғысымызды білдіреміз. Осы жоба жасөспірімдердің спорт арқылы өз қабілеттерін көрсетуге зор мүмкіндік алды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер