Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Гандболдан республикалық чемпионат біріншілігі

 

   Қарағанды қаласында гандбол ойынынан өткен республикалық чемпионатта Павлодар қаласының құрама командасы 1-орынға ие болды. Павлодарлық қыздар командасы құрамында болған 14 ойыншысы қаламыздың № 29, 36, 5, 16 жалпы орта білім беру мектептерінің 2007 жылы туылған 5 - 6 сынып оқушылары. Құрама команда капитаны № 29 ЖОМ 6 сынып оқушысы Мозговая Дарья.
«Расында да қарсыластарымыз өте мықты болды, біздің құрамамыз мықтылығы мен ұйымдастығы арқасында жеңісті жұлып алды», - дейді құрама команда бапкері Марина Федоровна Ефимова. Дарьяның спорттың бұл түрімен «Север» клубында айналысқанына үш жыл болыпты. Осы мерзімде көптеген жүлделерге ие болды. 2018 жылы Қарағанды қаласында өткен республикалық чемпионатта команда ІІ орынға қол жеткізіп, 2019 жылы Астана қаласында республикалық чемпионатында жүлделі ІІ орынға ие болды. Дарья қосымша мектептегі волейбол мен баскетбол спорттық секцияларға қатысады.
Аталмыш чемпионат 26 - 30 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған. Жалпы біріншілікке Павлодар мен Қарағанды қалаларынан 7 құрама команда қатысқан болатын.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер