Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Физика бойынша 5 оқушы облыстық олимпиадаға қатысады

 

   Павлодар қаласының № 7 мектебінде 2019 жылы 4 қазанда 7 - 8 сынып оқушылары арасында физика бойынша ІІІ қалалық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Олимпиадаға қаланың 28 жалпы білім беру мектептерінің (К. Макпалеев, М. Әуезов, Б. Момышұлы атындағы, № 1, 2, 5, 7, 9, 11,13, 16, 17, 18, 19, 21, 25, 29, 30, 33, 34, 35, 39, Жетекші ЖОМ) оқушылары қатысты.
Олимпиада 2 турдан тұрды. Олимпиадалық тапсырмалар күрделігіне қарай әртүрлі. Екінші турда оқушыларға екі тәжірибе жүргізу ұсынылды, орындау үшін құралдармен жұмыс және физика білімі қажет. Олимпиада қорытындысы бойынша, жоғарғы нәтиже көрсеткен оқушылар І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. І орынға физика пәні бойынша жақсы білім көрсеткен № 29 ЖОМ 8 сынып оқушысы Ботай Аман, ІІ орынға № 9 гимназия - мектебінің 8 сынып оқушысы Кабдулмажит Мұса, № 13 ЖОМ Хисматулин Данил, № 17 ЖОМ Юхтовский Данил, № 34 ЖОМ Халимов Артур, ІІІ орынға - Лысак София, № 18 ЖОМ 8 сынып оқушысы, Достанов Дильшат (№ 19 ЖОМ), Окасова Айгерім (№ 21 ЖОМ), Алькеев Даир (№ 35 ЖОМ) иеленді. І және II орынға ие болған оқушылар 12 қарашада облыстық жасөспірімдер олимпиадасына қатысады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер