Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Ертіс ауданында мектеп түлегі білім ордасына жалпы құны 500 000 теңгеге шаңғылар мен роликті конькилер тарту етті

 

   "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» жобасын жүзеге асыру мақсатында Ертіс ауданында «Мектебіме тағзым» акциясы қарқынды түрде жүргізіліп келеді
✍Акцияның мақсаты: мектептің дамуына демеушілік көмек көрсетіп, білім саласында әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асыруда демеушілер қолдауын көбейту, осы арқылы оқушыларды тәрбиелеу ісіне ықпал ету болып табылады.
Түлектердің сыйластығы мектепке, мұғалімдерге деген алғыстарынан көрінеді. Табысты түлектердің өз мектептерін ұмытпай, көмек қолын созуы қуантарлық жағдай. Табысқа жеткен оқушылардың бірі, №4 Ертіс ЖОББМ-нің түлегі Сүйіндік Каденов өзі оқыған білім ордасына ерекше сыйлық жасады. Жомарт жан жалпы сомасы 500 мың теңгеге он шаңғы, үш роликті коньки сыйға тартты. Сүйіндік Иманбайұлына үлкен алғысымызды білдіреміз!

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер