Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Білім саласының үздіктері марапатталды

 

   Ұстаздар күні қарсаңында 2019 жылдың 02 қазанында Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің мәжіліс залында Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығымен салтанатты іс-шара өткізілді.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға зор үлес қоны үшін ҚР білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен № 2 балалар мен жасөсіпірімдердің олимпиадалық резервтегі мамандандырылған спорт мектебінің жаттықтырушысы Қасимов Талғат Даулетханұлы, Павлодар қ. Кенжекөл ЖОББМ мұғалімі Жанабай Қайырбекұлы Әбенов ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене тәрбиесі комитетінің алғыс хатымен, Ақтоғай ауданының «Өнер мектебі» спорт секторының меңгерушісі Теміртас Туканұлы Әбесинов ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының төсбелгісімен марапатталды.
Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының мадақтамаларымен Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептері мен колледждерінің 24 дене тәрбиесі мен АӘД мұғалімдері марапатталды.
Мектеп оқушылары арасында спортты дамыту ісіндегі тұрақты ынтымақтастығы үшін Павлодапр қ. Назарбаев интеллектуалды мектебі, Павлодар қ. «Жас дарын» дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектебі, Павлодар қ. № 2,№ 22, № 25, № 29, № 36, № 37, № 43 ЖОББМ мен № 16 лицей-мектебі марапатталды.Студенттер арасында спортты дамыту ісінде тұрақты ынтымақтастығы үшін Павлодар қ. Павлодар жоғары электроника және коммуникация колледжі, Павлодар технологиялық колледжі, Павлодар Инновациялық Еуразиялық Университетінің жоғары колледжі, Павлодар монтаждау колледжі.
Марапатты АОТДТО басшысы Р.М.Қасқырбаев, дене тәрбиесі және алғашқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті В.И.Лебедева, АОТДТО басшы орынбасары В.В.Карякин, АӘД бөлімінің басшысы Т.М.Әленов және спорт бөлімінің басшысы М.О.Баймульдин өткізді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер