Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Өз өлкесі тарихының білгірлері

 

   Туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру мақсатында 2019 жылғы 16 қазан күні «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар ІІ республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатынында өткізілді.
Конкурска мамандандырылған және Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептерінен 90 оқушы қатысты, оның ішінде мемлекеттік тілде оқитын - 59, орыс тілінде - 31.
Ережеге сәйкес конкурс екі тур бойынша өткізілді. І тур – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест тапсырылды. ІІ тур – 4 номинация бойынша жұмыс атқарылды: «Менің кішкентай Отанымның тарихы», «Кішкентай Отанымның символы», «Менің кішкентай Отанымның болашағы», «Менің туған өлкем» (эссе жазу).
«Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинация бойынша І дәрежелі дипломымен – дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының 9 сынып оқушысы Агаева Арина; ІІ дәрежелі дипломымен - Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Қалиасқар Дәнекер, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы Ахмади Мағжан, Екібастұз қаласы Шідерты орта мектебінің 9 сынып оқушысы Иманбаева Арай; ІІІ дәрежелі дипломымен - дарынды қыз балаларға арналған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Балтабекова Сабина, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Қайролла Омар, Железин ауданы № 2 орта білім беру лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Гейт Виктория марапатталды.
«Кішкентай Отанымның символы» номинация бойынша І дәрежелі дипломымен - көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Құрбан Айым; ІІ дәрежелі дипломымен - дарынды қыз балаларға арналған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты 10 сынып оқушысы Рашитова Алия, дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының 10 сынып оқушысы Байгужинов Ян, Павлодар қаласы № 41 дене шынықтыру – сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебінің 10 сынып оқушысы Сидорук Ксения; ІІІ дәрежелі дипломымен - дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Сивиринов Никита, Аққулы ауданы Лебяжі орта мектебінің 9 сынып оқушысы Хамит Елназар, Баянауыл ауданы Ш. Айманов атындағы орта мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Досмагамбет Құрмет марапатталды.
«Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинация бойынша І дәрежелі дипломымен - Ақсу қаласы, Достық орта мектебінің 10 сынып оқушысы Рашат Жадыра; ІІ дәрежелі дипломымен - дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Макаренко Мария; ІІІ дәрежелі дипломымен - Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Сансызбай Сәния, "Жас дарын" мамандандырылған мектебінің 10 сынып оқушысы Рахимбердина Аружан, Аққулы ауданы Лебяжі орта мектебінің 9 сынып оқушысы Нұрғали Айжан марапатталды.
«Менің туған өлкем» (эссе жазу) номинация бойынша І дәрежелі дипломымен - дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Дабылхан Әлішер; ІІ дәрежелі дипломымен - дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының 10 сынып оқушысы Алишева Диана, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Сайлаубаев Мухамедияр; ІІІ дәрежелі дипломымен - Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 10 сынып оқушысы Смагулова Диляра, дарынды ер балаларға арналған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернатының 10 сынып оқушылары Омар Ғабду-Самад, Тайкен Арыстанбек марапатталды.
Жеңімпаздар облыс атынан республикалық кезеңге қатысады. Республикалық кезеңі ағымдағы жылдың 1-3 қараша күндері Алматы қаласыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультетінде 4 номинация бойынша өткізіледі.

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер