Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Павлодарлық оқушылар 25000 тұқыны өзенге жіберді

 

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің экология және туризм Балалар-жасөспірімдер орталығы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-мен бірлесіп «Тұқы популяциясын арттыру бойынша су айдынына балық жіберу» экологиялық акциясын өткізді. Акция өзеннің балықтарын көбейту мақсатында ұйымдастырылды.
Экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері зауыттықтармен бірге Ертіс өзені алабындағы Усолка өзеніне Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығынан арнайы көлікпен әкелінген 25 000 тұқыны өзенге жіберді. Акция ERG 25 жылдығы аясында өтті.
Орталық оқушылары осы зауытпен бірлесе өткізетін «Құстарға қамқорлық» табиғатты қорғау іс-шараларына тұрақты түрде қатысып келеді, зауыт қызметкерлері 2018 жылғы қараша айында «Менің Отаным – Қазақстан» атты оқушылардың аймақтық ғылыми-практикалық конференциясын өткізуге ықпал етті. Бірлескен іс-шаралар балалардың құстарға, жануарларға деген қамқорлығы, сонымен қатар табиғатты қорғауға, табиғат қорғау қызметінде танымдық дағдыларды дамытуға көмектеседі.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер