Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізудің тиімділігі: артықшылықтары мен кемшіліктері

 

   2019 жылғы 16 қазанда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығында «Мұғалімнің көзқарасы – білім беру мазмұнын жаңартуды іске асыру үрдісіне тәжірибе» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты кафедрасының аға оқытушысы С. К. Сарсенова, сонымен қатар мамандырылған жалпы білім беру мектептерінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты. Семинарға 25 мұғалім қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – орта білім беру мазмұнын жаңарту және жүргізілетін зерттеулер аясында орыс тілі мен әдебиеті сабақтарын оқытудың өзекті мәселелерін талқылау, ұсыныстарды қалыптастыру.
Педагогтар үшін шеберлік сағаты өткізілді. Шеберлік сағатының ерекшелігі мұғалімдердің кәсіби дағдыларын анықтау, кәсіби даму траекториясын негіздеу, педагогикалық үдерісті жүйелеу мәнмәтінінде зерттеу дағдыларын жетілдіру маңыздылығы көрсетілген.
Пікірталас барысында білім беру қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілер, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын дайындау алгоритмі, оқытудың белсенді әдістері, сабақта критериалды бағалауды қолдану талқыланды. Мұғалімдер оқу бағдарламалары, оқулықтар, мұғалімдерді аттестаттау, пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру сияқты аспектілер бойынша тәжірибе алмасты.
Дөңгелек үстелдің жұмысы өзекті мазмұнымен, қарым-қатынастың инновациялық форматымен, өзара әрекеттестіктің нәтижелігімен, конструктивті идеяларымен ерекшеленді, ал ең бастысы – қазіргі білім беруде өзінің лайықты орнын алатын орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің мәртебесін тану атмосферасы.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер