Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Ақтоғайда шахмат жарысына 50 - ге жуық оқушы қатысты

 

   Ақтоғай ауданының Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің базасында Ақтоғай ауданының ардагері Самат Мағзұмұлы Мағзұмовты еске алуға арналған шахматтан аудандық жарыс өтті.
Самат Мағзұмұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан ардагер, әр түрлі басшылық лауазымдардағы ауданның қарқынды дамуы үшін еселі еңбек еткен тұлға. Ол өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру жұмысын жүргізіп, жастардың жақсы тәлімгері болды.
Жарысқа барлығы 15 команда, 45 ойыншы қатысты. Жалпы қорытынды бойынша І орынға – Ыдрысов атындағы орта мектбінің оқушылары ,ІІ орынға - Тленшин атындағы орта мектебінің оқушылылары және ІІІ орынға – Абай атындағы орта мектебінің оқушылары лайық деп танылды.
Жарыс жоғары деңгейде өтті. Барлық жеңімпаздар медаль, мадақтамалармен марапатталды, ал командалық есепте Ыдрысов атындағы орта мектебі сыйлық кубогына ие болды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер