Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Павлодарлық жасөспірімдер республикалық туристік көпсайыстың жүлдегерлері атанды

 

   2019 жылдың 6 - 13 қазан аралығында Түркістан облысындағы Машат шатқалында туристік көпсайыс бойынша Қазақстан Республикасының XIV Чемпионатына еліміздің 19 командасы қатысты. Ал өңіріміздің намысын Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Экология және туризм балалар мен жасөспірімдер орталығының командасы қорғады. Команданың құрамында Экология және туризм орталығының «Вершина», «Усольский Меридиан», «Пирамида» клубтарынан 17 оқушы, жасөспірімдер тобынан 2 команда және жастар тобынан 1 команда өз бақтарын сынады. Жарыс үш жас тобында өтті: ересектер, жасөспірімдер және бозбалалар. Жарыс бағдарламасы 7 қашықтық бойынша ұйымдастырылды.
Байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласының командасы 2019 жылға арналған Қазақстан кубогында II командалық орынды және чемпионатта ІІІ командалық орынды иеленді. Жүлдегерлерді Ридзаускас Владислав Юрьевич, Агалаков Сергей Николаевич және Ридзаускене Ирина Валерьевна дайындаған.
Жасөспірімдер орталығының командасы «Өткел" қашықтығында I орын, «Эстафета», «Вело – триал» қашықтықтарында II орын, «Қысқа», «Спас», «Жеке» деп аталатын қашықтықтарда III орын жеңіп алды. Жыл қорытындысы бойынша II орынды Кадеев Рамиль, III орынды Продан Настя иеленді.
Қашықтық қашықтықтағы орталық команда I-ші орын, «Спас», «Эстафета» және «Жеке» қашықтықта II-орын алды. Жыл қорытындысы бойынша I орынға Атлан Елена лайық деп танылып, ұйымдастырушылар оған жеке кубок табыс етті.
Чемпионаттың мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, аймақтардағы спорттық байланыстарды дамыту, жастардың техникалық және тактикалық шеберліктерін арттыру, тәжірибе алмасу болып табылады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер