Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

den-nezavisimosti-2019

 

 


 

Екібастұзда ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар басталды

 

   Екібастұз қаласының №28 мектебінде ұлы ағартушыныңА.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған "Педагогикалық идеялардың халықаралық трибунасы: Абайдың гуманистік идеялары Қазақстандық білім берудің негізі ретінде" атты халықаралық фестиваль өз жұмысын бастады.
Конференцияны Екібастұз қаласының білім беру бөлімі, Инновациялық Еуразия университетінің Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институты, Ховда мемлекеттік университеті (Моңғолия, Баян-Өлгей округі) және ҚР Кіші Ғылым академиясы (Нұр-сұлтан қаласы) ұйымдастырды.
Іс-шараның пленарлық отырысында әр елдің жетекші ғалымдары Абайдың гуманистік идеяларын тарату және оның мұрасын зерттеу тәжірибесімен бөлісті.
Конференцияға Моңғолияның білім, мәдениет, ғылым және спорт министрлігі Білім институтының ғылыми қызметкері З. Жаубайқызы, Отырар кітапханасы" ғылыми орталығының директоры, профессор Ж. Түрсын, PhD докторы профессор, Ховда мемлекеттік университетінің Баян-Өлгей филиалының ректоры Қ. Жылқайдар, Түркияның Анкара қаласынан келген филология ғылымдарының докторы, Backent университетінің профессоры Е. Суер, Қазақстанның жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары мен оқытушылары қатысты.
Ғылыми конференция барысында оқушылардың зияткерлік олимпиадасы өтті. Білім беру турниріне Екібастұз өңірінің 2-9 сынып оқушылары қатысты. Байқау сынақтарында оқушылар ұлы ағартушының шығармалары мен философиялық көзқарастарын көрсетті. Командаларды білікті қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, белгілі Абайтанушылардан құралған әділ қазылар бағалады.
Конференция барысында "Абайдың гуманистік идеялары аясында оқытудың заманауи технологияларын енгізу" бойынша секциялық мәжілістер мен шеберлік-сағаттар өтті, оған Екібастұз өңірінің білім беру мекемелерінің басшылары мен педагогтары қатысты. Сұхбат алаңы бірнеше бағытта өтті. Педагогтар инновациялық идеяларды, соның ішінде білім беру сапасын арттыру және тиімді менеджмент мәселелері бойынша пікір алмасты.
Конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар,ал құрметті қонақтарыға Екібастұз қаласының әкімі Ержан Иманзаипов атынан алғыс хаттар табыс етілді

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер