Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

«The Best Mobile App – 2019» мобильді қосымша облыстық конкурсына қатысуға шақырамыз

 2019 жылғы 4 қараша мен 20 желтоқсан аралығында «The Best Mobile App – 2019» атты конкурс өткізіледі.

 

Ұйымдастырушылары: Павлодар облысының білім беру басқармасы, облыс білім беру басқармасының облыстық ақпараттық технологиялар орталығы.

Конкурс мақсаты: бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласындағы инновациялық технологиялардың рөлін арттыру, мобильдік платформаларға арналған қосымшаларды бағдарламалау және дизайн саласында оқушылардың білім деңгейі мен қабілеттерін арттыру.

Конкурс ереже жарияланған сәттен бастап қашықтықтан өткізіледі және конкурстың қорытындысы шығарылғанға дейін бір апта бұрын аяқталады.

Әдістемелік және техникалық талаптарға сәйкес рәсімделген өтінімдер мен конкурстық жұмыстар 2019 жылдың 4 қарашасы мен 13 желтоқсан аралығында ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына қабылданады: konkurscit@bk.ru (өтінімдер мен жұмыстарды қабылдау 2019 жылы 13 желтоқсанда сағат 18.00-де тоқтатылады).                  

Конкурстың қорытындысы 2019 жылғы 20 желтоқсан күні білім беру басқармасының (http://edupvl.kz) және ОАТО (http://pvlcit.kz) сайттарында жарияланады.

 

Конкурс ережесі>>

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер