Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Мағжан Жұмабаев поэзиясының білгірлері

 

   2019 жылдың 4 қарашасында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «Мағжан оқулары» байқауын өткізді. Мақсаты - дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қолдау, ақынның оқушылар арасында шығармашылығын насихаттау. Қаланың 27 жалпы білім беретін мектебінің 5 - 11 сыныптарының 48 оқушысы қатысты.
Мағжан оқулары» 3 бағыт бойынша өткізіледі. «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» - жас оқырмандар байқауы (шығармаларын білу). «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас ақындар байқауы (өз шығармаларын орындау). «Толқынмен толқын сырласып» - шығармашылық жұмыс.
Байқау нәтижесі бойынша «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» бағытында - І орын № 25 мектептің 10 сынып оқушысы Сәрсембаева Жасмин алды. Мағжан Жұмабаевтың 20 шығармасын біледі және көркем оқу дағдыларын көрсете алады. ІІ орынды № 19, 30, 37, Жетекши ЖОМ оқушылары иеленді. ІІІ орынға № 21, 29, 40, 31, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ оқушылары ие болды.
«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бағытында - І орын № 21 мектептің 6 сынып оқушысы Жұматай Томирис. Ол «Ақынға арнау» өлеңін және еркін тақырыпқа өз туындысын жазды. ІІ орын - № 2, 19 ЖОМ оқушылары. ІІІ орынға № 7, 25, 37 ЖОМ, № 20 лицей-мектебінің оқушылары иеленді.
«Толқынмен толқын сырласып» бағытында - І орын № 37 ЖОМ 9 сынып оқушысы Сурумбетова Камила. Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» ғылыми-зерттеу жұмысында ол жұмыстың идеясын, мазмұнын аша білді. ІІ орынға № 19, Жетекші ЖОМ оқушылары иеленді. ІІІ орын - № 25, 7, 1 ЖОМ, № 20 лицей-мектебінің оқушылары.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. І дәрежелі диплом иелері қараша айында өтетін облыстық байқауға қатысады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер