Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

ІІ лигадағы колледждер арасында тоғызқұмалақ жарысы өтті

 

   Павлодар қаласы Шахмат үйінде ІІ лигадағы колледж оқушыларының XХІX облыстық спартакиада бағдарламасы бойынша тоғызқұмалақтан жарыс өткізілді. Жарысқа 15 қыздар, 14 ұлдар командасы қатысты.
Колледж студенттері өз шеберліктерін көрсетті. Тартысты ойын нәтижесінде қыздар арасында бірінші орынды Қазтұтыну одағының Павлодар жоғары экономикалық колледжі иеленді, екінші орынға Павлодар инновациялық көп профильді колледжі лайық деп танылса, үшінші орынды Павлодар гуманитарлық-педагогикалық колледжі жеңіп алды.
Ұлдар арасында бірінші орынды - Қазтұтыну одағының Павлодар жоғары экономикалық колледжі, екінші орынды – Пішенбаев атындағы Екібастұз гуманитарлық-экономикалық колледжі, үшінші орынды– "Ertis" жоғары инновациялық аграрлық колледжі иеленді. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық білім беру басқармасының диплом және медальдарымен марапатталды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер