Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Павлодарда үстел теннисінен республикалық турнир өтіп жатыр

 

   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының жұмыс жоспарына сай 2019 жылдың 5- 9 қараша аралығында 2004-2005 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында үстел теннисінен республикалық жарыстар өткізіледі.
Жарыстың салтанатты ашылуы 5 қараша күні «Баянтау» спорт кешенінде өтті. Ашылу салтанатында Павлодар облысы білім беру басқармасының Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының басшы орынбасары Виктор Владимирович Карякин құттықтау сөз сөйледі.
Турнирдің мақсаты елімізде үстел теннисін насихаттау және одан әрі дамыту, мектеп жасындағы балаларды үстел теннисінің белсенді сабақтарына тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, дарынды спортшыларды анықтау болып табылады.
Жарысқа Қарағанды, Ақмола облыстары, Павлодар қ., Ақсу қ., Екібастұз қ., Ақтоғай ауданы, Павлодар ауданы, Баянауыл ауданы, Май ауданы, Ертіс ауданы, Шарбақты ауданының құрама командалары қатысып жатыр. БАРЛЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚЫЗЫҚТЫ ОЙЫН МЕН СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер