Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

«Рухани Жаңғыру» кабинеті болашаққа жол бастайды

 

   Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 5 қараша күні Ертіс ауданының Северный ЖОББ мектебінде «Рухани жаңғыру» кабинетінің салтанатты ашылуы өтті. Ашылу рәсіміне аудан әкімі А. У. Бейсекин, педагогикалық еңбек ардагері Н.Н. Бовшик қатысты.
«Рухани Жаңғыру» кабинетінің жұмысы өскелең ұрпақты еліміздің патриоттарын тәрбиелеуге, қазақ халқына деген оқушылардың сүйіспеншілігі мен мәдениетіне қызығушылығын арттыруға, ең бастысы оқушының өзін-өзі жетілдіруіне бағытталған.Сонымен қатар, кабинет ұлы ата-бабаларымыздың тарихы туралы білімінің қайнар көзі ғана емес, болашаққа бағдар жолы болып табылады. Бұл кабинетте тарих, география сабақтары, сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер, танымдық шаралар өтеді.
Жаңадан ашылған «Рухани жаңғыру» кабинеті жас ұрпақты тарихи мұраны сақтауға, туған жерге, оның мәдениетіне ерекше көзқарастарын қалыптастыруға, тұрғындардың рухани байлығын арттыруға, болашақ ұрпаққа өз халқының тарихын білуге әсерін тигізеді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер