Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Павлодар облысында сенім кабинеттері ашылып жатыр

 

   Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және балаларға, ата-аналарға, сондай-ақ педагогтарға заңгерлік, психологиялық және консультациялық көмек көрсету мақсатында Павлодар облысының мектептерінде сенім кабинеттері ашылып жатыр.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және құқықтық, психологиялық және консультациялық көмек көрсету мақсатында Павлодар қаласының № 2 мектебінде Павлодар қаласының білім беру бөлімі, Ішкі істер департаментімен бірлесе отырып, барлық оқушылар, ата-аналар және қала мектептерінің мұғалімдері үшін сенім кабинеті ашылды.
Оқушылар, ата-аналар және педагогтар арасында барлық сұрақтар бойынша көмек алу және сенім кабинетінің қол жетімділігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сенім кабинетінің жұмысына заңгерлер, медицина қызметкерлері, медиаторлар, әлеуметтік сала қызметкерлері тартылды.
Облыстық полиция департаменті Павлодар қаласының білім беру бөлімінің келісімі бойынша мүдделі ведомстволар және көпшіліктің қатысуымен қабылдау кестесі оқушыларға ыңғайлы уақытта жасалды: сейсенбі-заңгер немесе құқық қорғау қызметі қызметкерінің күні, сәрсенбі - медициналық және психологиялық көмек күні,жұма - медиативтік көмек күні.
Сенім кабинеті өтініш білдірушілердің құпиялығына кепілдік береді

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер