Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Болашаққа бағдар» облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсына қатысуға шақырамыз

 

    2019 жылғы 11 қараша мен 13 желтоқсан аралығында қашықтықтан «Болашаққа бағдар» облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсы өткізіледі.
    Ұйымдастырушылары: Павлодар облысының білім беру басқармасы, облыс білім беру басқармасының облыстық ақпараттық технологиялар орталығы.
   Конкурс мақсаты: білім алушылардың Қазақстанның келешек экономикасы мен еңбек нарығына қажетті және сұранысқа ие болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауы үшін мамандықтарды зерделеудегі шығармашылық ыңғайын белсендендіру, білім алушылар мен педагогтерді  бірлескен қоғамдық-мәнді кәсіптік бағдар қызметіне тарту.
    Әдістемелік және техникалық талаптарға сәйкес ресімделген өтінімдер мен конкурстық жұмыстар 2019 жылғы 11 қараша мен 6 желтоқсан аралығында ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына қабылданады: konkurscit@bk.ru (өтінімдер мен жұмыстарды қабылдау 2019 жылы 06 желтоқсанда сағат 18.00-де тоқтатылады).                  
    Конкурстың қорытындысы  2019 жылғы  13 желтоқсан күні білім беру басқармасының (http://edupvl.kz)  және ОАТО (http://pvlcit.kz) сайттарында  жарияланады.  

  Конкурс ережесі>>>

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер