Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Үкіметтік жұмыс тобы Павлодар облысында жұмыс сапарымен болды

 

   - ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың өңірімізге жасаған жұмыс сапары аясында облысқа Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова да келді. Оның алғашқы аялдаған жері - "Жас Дарын" мамандандырылған мектебі болды. Шолпан Таңатқызы білім ордасының ұстаздары, оқушыларымен кездесіп, жаңа STEM-лаборотория мен оқу кабинеттерін аралап шықты.
- Келесі нысан - Оқушылар сарайы еді. Бұл жерге Шолпан Каринова ғана емес, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев та келді. Қонақтар «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасында анықталған білім беру саласындағы міндеттерді орындау бойынша жұмысымен және техносаябақ, бизнес-инкубаторлармен, Tach - table аймағы және өзге де кабинеттермен танысты.
- Іс-сапардың аса қызықты бөлімінің бірі – өңірдегі педагог-ұстаздармен кездесу еді. Жиында өте келелі мәселелерге нүкте қойылды. 12 жылдыққа көшу, оқушылар мен мұғалімдерге жүктемені азайту мәселелері де қаралды. 12 жылдық білім беруге көшу 2021 жылдан басталады, алайда ол жүйеге сол жылы 1-сыныпқа баратындар ілінетін көрінеді.
- Ертіс-Баян өңіріне іс-сапарын дарынды балаларға арналған №8 лицейде жалғастырған Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова білім ошағына деген таңданысын жасыра алмады. Ол әуелі мектептің материалдық-техникалық базасына, кең, жарық кабинеттері мен зәулім ғимаратына қызықса, екінші жағынан халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлерімен тілдесіп, олардың біліміне тәнті болды. Мектептің тағы бір ерекшелігі – мұражай. Негізгі идеясы – Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын басшылыққа ала отырып жасалған. Мұражайдың үлгісі алдағы уақытта облысқа да таратылып, барлық мектептерге енгізілетін болады.
- Күннің екінші жартысында министрлік өкілі Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжіне ат басын бұрды. Мұнда ол шет тілі, психология, тіл дамыту теориясы, математикалық кабинеттерді аралап, жаңадан ашылған BilimLab ресурстық орталығында болды.
- Педагогикалық колледждегі экскурсия жиынға ұласты. Кездесуге білім бөлімдерінің басшылары мен колледж, мектеп директорлары, кәсіподақ ұйымының төрағасы қатысты. Министрлік өкілі ауыл мұғалімдеріне берілетін үстемақы жайлы, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының тиімсіз тұсы туралы, балабақшаларды лицензиялау мәселесіне қатысты сауалдарға да жауап берді.
Қорыта айтқанда, Шолпан Каринова министрлікке ұстаздар тарапынан түрлі сауалдар келіп түсетінін айтты. Алайда, Павлодар облысынан шағымдар көп келмейтінін жеткізді. Оның айтуынша, бұл өңірдегі білім сапасының жақсы екенін, түсіндіру жұмыстарының оң бағытта, уақытылы жүргізілетінін білдіреді.

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер