Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Үстел теннисінен республикалық турнир аяқталды

 

   2019 жылғы 5-9 қараша аралығында «Баянтау» спорт сарайында 2004-2005 жылы туылған ұлдар мен қыздар арасында үстел теннисінен республикалық турнир өткізілді. Жарысқа Ақмола, Қарағанды облыстарының, Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының, Ақтоғай, Павлодар, Баянауыл, Май, Ертіс және Шарбақты аудандарының құрама командалары қатысты.
Турнирдің мақсаты: Қазақстан Республикасында үстел теннисін насихаттау және одан әрі дамыту, мектеп жасындағы балаларды үстел теннисімен белсенді айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, талантты спортшыларды анықтау.
Үстел теннисінен жарыстар үш түрде өтті: командалық жарыстар, жеке жарыстар, жұптық кездесулер.Бүгін біз турнирдің қорытындысын шығарып, турнирдің үздік жеңімпаздарын анықтадық.
Қыздар арасындағы жұптық разрядта ІІІ орынды Искакова Дильназ,Аменова Амина, ІІ орынды Зейнолла Айзере, Қуанышқызы Ақбота, І орынды Опарина Наталья, Қасымова Наргиз иеленді. Ұлдар арасындағы жұптық разрядта ІІІ орынды Жапаров Әлішер, Кудлаев Глеб, ІІ орынды Төлегенов Аман, Инырбаев Қуат, І орынды Сапар Ерқанат, Жекен Бекзат иеленді.
Аралас жұптық разрядта ІІІ орынды Сапар Ерқанат, Зейнолла Айзере, ІІ орынды Қуатбеков Серік, Қасымова Наргиз, ІІІ орынды Жапаров Әлішер, Искакова Дильназ иеленді.
Жеке жұптық разрядта ұлдар арасында ІІІ орынды Төлегенов Арман, ІІ орынды Жапаров Әлішер, І орынды Сапар Ерқанат иеленді. Қыздар арасында ІІІ орынды Қуанышқызы Ақбота, ІІ орынды Зейнолла Айзере, І орынды Қасымова Наргиз иеленді.
Үстел теннисі бойынша 2004-2005 ж. т. жасөспірімдер мен қыздар арасындағы республикалық жарыстардың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте ұлдар арасында Ақсу қ. - 1 командасы қола жүлдегер атанды. Күміс жүлдеге Ақсу қ. – 2 командасы ие болды. Баянауыл ауданының командасы 2004-2005 ж. т. ұлдар арасындағы республикалық жарыстардың жеңімпазы атанды.
Қыздар арасында Май ауданының теннисшілер командасы ІІІ орынға жайғасса, екінші сатыға Ақсу қаласының командасы көтеріліп, қыздар арасында турнирдің жеңімпазы атағын Павлодар облысының командасы алды.
Жарыс жүлдегерлеріне тиісті дәрежелі дипломдар, медальдар, жеңімпаздарға – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының кубоктары табыс етілді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер