Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Instagram - @uopavl

Кеңсе - 8 7182 32-57-25
Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

 

 

 


 

«Ақбозат» облыстық шахмат турнирі

 

   Павлодар облысы білім беру басқармасының Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 4-5 наурыз аралығында «Шахмат үйі» базасында мектеп оқушылары арасында шахматтан «Ақбозат – 2020» облыстық турнирі өткізілді. Жарысқа облыстың қалалар мен аудандарынан 15 команда (3 ұл + 1 қыз) қатысты. Жарыс 2-7 сынып, 8-9 сынып аралығында 2 жас тобы арасында өтті.
8-9 сынып аралығында Назарбаев Зияткерлік мектебінің шахматшылары қола жүлдегер атанды, дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей-мектебінің өкілдері одан бір саты жоғары орналасты. Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған мектеп-лицейінің командасы жеңіс тұғырынан көрінді.
2-7 сыныптар арасында № 9 ЖОГМ командасы жақсы нәтиже көрсетіп, алға шықты. Екінші орын Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің, ІІІ орын Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің командасында.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының медаль және дипломдарымен марапатталды. Турнир жеңімпаздары республикалық «Ақбозат- 2020» турниріне қатысады.

 

 

Мемлекеттік қызметтер