Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Instagram - @uopavl

Кеңсе - 8 7182 32-57-25
Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

 

 

 


 

Павлодарлық команданың қоржыны күміс асықпен толықты

 

   Тараз қаласында өткен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған X жазғы Қазақстан оқушылар Гимназиадасының асық ату және бес асық сайыстары мәресіне жетті. Жарысқа республиканың әр аймағынан 12 құрама команда қатысты. Асық атудан Павлодар облысының құрама командасы X жазғы Қазақстан оқушылар Гимназиадасына алғаш рет қатысып отыр.
Біздің құрама команда құрамында 3 ұл және 3 қыз болды. Қыздар «бес асық», ал ұлдар – «асық ату» жарыстарынан сынға түсті. Асық ату ұлттық ойыны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қайта жанданып қана қоймай, кәсіби спорт түріне айналды. Асық ойынының ережесіне сай қыздар арасындағы «Бес тас» ойынында асық салмағы 11 г. кем болмауы керек, ал керсінше асық ату ойынында ату сақасы 35 г.аспау керек. Оған деген қызығушылықтың өсіп келе жатқаны қуантарлық жайт, мектептерде асық атумен ойнауға асығатын балалардың саны көбеюде.
Жарыстың нәтижесінде жекелей мерген ойынында Павлодар облысының ұлдар құрама командасы екінші орынды иеленді. Ұлдар құрама командасының құрамында Достық негізгі мектебінің оқушылары Қасенғалиев Мәди мен Мұрзағали Саят, Григорьевка негізгі мектебінің оқушысы Абылқас Жамбыл қатысты.
«Бес тас» жарысында сәтті ойын көрсеткені үшін Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының оқушысы Бекет Фатима мадақтамамен марапатталды.

 

 

Мемлекеттік қызметтер