Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Instagram - @uopavl

Кеңсе - 8 7182 32-57-25
Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

 

 

 


 

Шаңғы жарысынан арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаттары арасында облыстық спартакиада ұйымдастырылды

 

   Павлодар қаласының «Ертіс» шаңғы базасында арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаттары оқушыларының XXVIIІ облыстық спартакиадасы бағдарламасында шаңғы жарысынан қыздар үшін - 1 км., ұлдар үшін -2 км қашықтықта жарыстар өткізілді. Жарыстарға Павлодар облысының арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаттарының 6 командасының 36 спортшысы қатысты.
Жарыс нәтижесінде бірінші орынды жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 2 Песчан жалпы білім беру мектеп-интернаты командасы , екінші орынды – Павлодар қ. жалпы білім беру облыстық арнайы мектеп-интернаты, үшінші орынды – Павлодар қ. № 4 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаты иеленді.
Жарыстың жүлдегерлері мен жеңімпаздары облыстық білім беру басқармасының жеке және командалық мадақтамалары және медальдарымен марапатталды.

 

 

Мемлекеттік қызметтер