Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Instagram - @uopavl

Кеңсе - 8 7182 32-57-25
Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

 

 

 


 

Ұлы ақын танушылар сайысы

 

   Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында 2020 жылғы 11 наурызда облыстық білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен республикалық «Абай оқуларының» облыстық кезеңі өткізілді. Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты негізінде болған іс-шараға жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептерінен 124 оқушы қатысты, оның ішінде 22 өзге ұлт өкілдері.
Оқушыларды дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған «Шығармашылық конкурстарға дайындық мәселелері» тақырыбында өткен әдістемелік семинарға 62 ұстаз қатысты. Барлық семинар қатысушыларына сертификат пен шығармашылық конкурстар ережелері жинағы табысталды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша 59 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын – 10, ІІ орын – 20, ІІІ орын – 29.
Абай оқулары алты бағытта өтті: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» – Абай өлеңдерін жатқа оқу; «Абайдың қара сөздері» – ақын қара сөздерін жатқа мәнерлеп оқу; «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» – Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай мен Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу; «Көңілім әнді ұғады» – Абай мен Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау; «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» – өз поэзиялық шығармаларды оқу; «Ұлылар әлемі» – Абай мен Шәкәрім шығармашылығы бойынша эссе жазу.
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» бағытында I орын – облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Иманшарипова Әлия; Павлодар ауданы Шақат ЖОББМ 9 сынып оқушысы Евлоева Галина; ІІ орын – Шарбақты ауданы Жаңаауыл ЖОББМ 8 сынып оқушысы Бекк Альбина; Екібастұз қ. №13 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Ведерникова Анна; Тереңкөл ауданы Березовка ЖОББМ 8 сынып оқушысы Молдахан Абзал; Павлодар қ. №22 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Дауанов Бақберген; Ақсу қ. Қызылжар ЖОББМ 9 сынып оқушысы Оралова Диана; ІІІ орын – Успен ауданы №3 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Топтун Ангелина; Павлодар қ. №38 ЖНББМ 6 сынып оқушысы Герстенлауэр София; Екібастұз қ. «Зерде» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Дюсенбаев Рауан; Аққулы ауданы Шақа ЖОББМ 9 сынып оқушысы Қалқаман Ералы; Шарбақты ауданы Шегірен ЖОББМ 9 сынып оқушысы Авдол Сара; дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Хунафия Бақдәулет; Май ауданы Ақжар ЖОББМ 8 сынып оқушысы Зекенова Диана.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағытында I орын – Павлодар ауданы Ямышев ЖОББМ 10 сынып оқушысы Ермекұлы Ернұр; ІІ орын – Екібастұз қ. №17 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Әкіш Гаухар; Абай ат. дарынды балаларға арналған №10 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Жанатова Әсем; Ақсу қ. Үштерек ЖОББМ 8 сынып оқушысы Мақсатхан Қымбат; ІІІ орын – Павлодар қ. №27 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Эркулова Сабина; Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Кәббар Ақдәулет; Железин ауданы Абай ат. ЖОББМ 6 сынып оқушысы Жылқайдарова Сана; Ақсу қ. Қызылжар ЖОББМ 10 сынып оқушысы Мектепхан Сыдых.
«Ұлылар әлемі» бағытында I орын – Павлодар ауданы Чернорецк №1 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Ерболат Сұңқар; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 9 сынып оқушысы Кадыркулова Алия; ІІ орын – дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Ахмеджанова Бина; Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Ерғали Назерке; «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 10 сынып оқушысы Ахын Балжан; ІІІ орын – Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 11 сынып оқушысы Альбекова Лейла; Абай атындағы дарынды балаларға арналған №10 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Тұрархан Толғанай; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Аянбек Жанбота; Ертіс ауданы №2 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Асылхан Аяжан.
«Көңілім әнді ұғады» бағытында I орын – Павлодар қ. №25 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Мажитова Аделия; Баянауыл ауданы Майқайың №2 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Тарасенко Александра; ІІ орын – дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Скорикова Мария; Екібастұз қ. №26 гимназия-мектебінің 11 сынып оқушысы Маулитов Алдияр; Ертіс ауданы Қосағаш ЖОББМ 8 сынып оқушысы Сағындықова Амина; Баянауыл ауданы Майқайың №2 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Сейтахмет Шұғыла; ІІІ орын – Екібастұз қ. №24 гимназия-мектебінің 9 сынып оқушысы Браун Виктория; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Швецов Максим; Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8 сынып оқушысы Марат Адалбек; Тереңкөл ауданы Песчан №2 ЖОББМ 6 сынып оқушысы Қыпшақов Әділхан; Ақсу қ. Ұштерек ЖОББМ 9 сынып оқушысы Хайратхан Рая.
«Абайдың қара сөздері» бағытында I орын – Аққулы ауданы Тлектес ЖОББМ 10 сынып оқушысы Хайратбек Мақпал; ІІ орын – Екібастұз қ. №33 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Алтынбек Айшабибі; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Тайтулен Дариға; Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 10 сынып оқушысы Хаманай Асхат; ІІІ орын – Ертіс ауданы Қарақұдық ЖОББМ 11 сынып оқушысы Хымбат Хұлын; Баянауыл ауданы Шөптікөл ЖОББМ 10 сынып оқушысы Еділ Данара; Ақсу қ. Жамбыл ЖОББМ 8 сынып оқушысы Өсерхан Ақжол.
«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бағытында I орын – Успен ауданы Богатырь ЖНББМ 8 сынып оқушысы Якубенко Наталья; Баянауыл ауданы Р. Рахметов ат. ЖОББМ 10 сынып оқушысы Сағидолла Айзада; ІІ орын – облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Гребенкин Даниил; Май ауданы Жалтыр ЖОББМ 6 сынып оқушысы Есен Ұлағат; Павлодар ауданы Красноармейка ЖОББМ 9 сынып оқушысы Нығметулла Гүлназ; ІІІ орын – Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Голещихина Мария; Екібастұз қ. «Зерде» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы Қайыртас Нұрболат; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Иманшарипова Әнель; Ақсу қ. №1 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Ахмедиева Жұлдыз. Конкурс жеңімпаздары 2020 жылғы тамыз айында ақын елінде өтетін республикалық Абай оқуларына қатысады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер