Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Instagram - @uopavl

Кеңсе - 8 7182 32-57-25
Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

 

 

 


 

«Педагогикалық идеялар фестивалі»

 

   2020 жылдың 6 наурызында «Павлодар қ. № 4 АЖМИ»ММ «"Өрлеу" БАҰО» АҚ Павлодар филиалымен бірлесіп инновациялық білім беру бағдарламалары аясында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру процесінің тиімділігін қамтамасыз ету: зерттеуден практикаға дейін» атты облыстық семинар өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқыту процесін жетілдіру бойынша педагогикалық ұжымның тәжірибесін таныстыру болды.
Семинарда тәжірибе алмасу бойынша диалогтық алаң құру арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту мәселелеріне микро зерттеулер жүргізу бойынша педагогикалық қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту бойынша міндеттер шешілді.
Семинарға «"Өрлеу" БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ қызметкерлері, білім беруді дамытудың Инновациялық орталығының өкілдері, Павлодар қ. ППТК басшылары, облыстың арнайы білім беру мекемелерінің педагогтары, сондай-ақ «"Өрлеу"БАҰО» АҚФ Павлодар филиалының курс тыңдаушылары қатысты.
Семинардың пленарлық бөлімін Павлодар облысының «Инклюзивті білім берудің инновациялық орталығының» арнайы және инклюзивті білім беру бөлімінің әдіскері Д.А. Сарсекеева ашты. Ол интернаттық ұйымдар педагогтарының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, тәрбиеленушілердің потенциалдық қабілеттерін қалыптастыру және оларды қоғамға одан әрі әлеуметтендіру мәселелерінің өзектілігін атап өтті.
«"Өрлеу" БАҰО» АҚФ инновациялық алаңының ғылыми жетекшісі Г.К Курманова арнайы білім беру ұйымдарының 2020-2025 жж. жүзеге асыру контекстіндегі мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді. «"Өрлеу" БАҰО» АҚФ аға оқытушысы Т.А. Евсюкова семинарға қатысушыларды мұғалімнің тәжірибесін дамытудың тиімді құралы ретінде «Іс-әрекеттегі зерттеу» (Actionresearch) бағдарламасымен таныстырды.
Семинардың практикалық бөлімі төрт қарқынды алаңдарда тәжірибе алмасуға арналды. Төрт диалогтық алаңның әрқайсысы мектеп мамандары мен педагогтарының шағын зерттеулерін пайдалана отырып, олардың алдына қойылған ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеу міндетін шешу керек болды.
Семинар аясында жаңа дамытушы құрал – «Интербелсенді құмсалғыш» ұсынылды. «Интербелсенді құмсалғыш» жұмысы 3D-технологияларда құрылған, табиғат дыбыстарымен сүйемелденеді: құстардың әндетуі, судың ағуы. Оқу құралында зейінді, ойлауды, жадты және ұсақ моториканы дамытуға бағытталған дыбыстық сүйемелдеумен 75 ойын бар. Семинар жұмысына 50-ден астам адам қатысты.

 

 

Мемлекеттік қызметтер