Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Instagram - @bilim_basqarmasy

Кеңсе - 8 7182 32-57-25
Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы:
8 777 450 19 48

 

 

 


 

Мектеп кітапханашыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру

 2

   2020 жылғы 10 наурызда облыстың білім беруді дамытудың Инновациялық орталығымен «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектеп кітапханашыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар жұмысына аудандық мектеп кітапханашылары мен облыстық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.
   Павлодар қаласының № 16 лицей – мектебінің кітапханашысы Куклина М. П. семинарға қатысушыларды мектеп кітапханасының жұмысын реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық құжаттармен, есептік және жоспарлы-есептік құжаттаманы жүргізу ережесімен бөлісті. «Заманауи мектеп кітапханасы»тақырыбында мастер-класс өткізді.
   Павлодар қаласының № 35 ЖОМ кітапханашысы Карибаева А. К. инновациялық тәсілдермен, мектеп кітапханасының жұмыстарымен оның ішінде: интерактивті ойын технологиялары, ойын көрмелері, мектеп кітапханасындағы кіріктірілген сабақтар туралы айтты.
    С.Торайғыров атындағы облыс кітапханасы кітапханаларын дамыту бөлімінің басшысы А.А. Жылқыбекова семинарға қатысушыларды облыстық кітапханалардың әдістемелік орталығының жұмысымен таныстырды.
Семинар мектеп кітапханаларының кәсіби дамуын одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасумен аяқталды, әдістемелік ұсыныстар берілді.

 

 

Мемлекеттік қызметтер