Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Instagram - @bilim_basqarmasy

Кеңсе - 8 7182 32-57-25
Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы:
8 777 450 19 48

 

 

 


 

Географияны оқыту үдерісінде критериалды бағалауды ұйымдастыру мәселелері

 

   2020 жылдың 12 наурызында мұғалімдерге қазіргі заманғы бағалау әдістерін қолдануға көмек көрсету және 9 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттау мен ОЖСБ-ға дайындығын әдістемелік сүйемелдеу мақсатында "Критериалды бағалау – оқушылардың білім сапасын арттырудың бір тәсілі"тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинарға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 50 география пәні мұғалімі қатысты. Семинар педагогикалық шеберхана түрінде ұйымдастырылды, оның аясында білім беруді дамытудың Инновациялық орталығының әдіскері А. С. Исабеков оқу үрдісінде іс-әрекет әдістерін қолдану және 9-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау үшін география бойынша тапсырмаларды әзірлеу бойынша шеберлік сыныбын өткізді.
Семинардың екінші бөлімінде С. И. Айтпаева, А. Х. Жапаргазинова,М. Т. Қажмағамбетова және Г. Б. Есмақаева, Павлодар қаласы мектептерінің география пәні мұғалімдері 9 сынып оқушыларына ОЖСБ тапсырмаларын құрастыру бойынша әріптестерімен жұмыс тәжірибесімен бөлісті. 7-9 сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тапсырмаларын құрастыру бойынша ұсыныстар берілді. Барлық қатысушылар тарату материалдарымен қамтамасыз етілді.

 

 

Мемлекеттік қызметтер