Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Instagram - @bilim_basqarmasy

Кеңсе - 8 7182 32-57-25
Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы:
8 777 450 19 48


 

«Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылының А. Ёлгин атындағы №1 ЖОМ және А.Текенов атындағы №2 мектептерінің асханаларын жаңарту және пайдалану» жобасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында ынтымақтастыққа жеке кәсіпкерлік субъектілерді шақыру

   «Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ «Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылының А. Ёлгин атындағы №1 ЖОМ және А.Текенов атындағы №2 мектептерінің асханаларын жаңарту және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобасын дайындаудың басталғаны туралы хабарлайды және жобаны талқылауға әлеуетті жеке әріптестерді тарту үшін мүдделерді білдіруді сұрату және осы жобаны іске асыру бойынша баламалы ұсыныстар мен нұсқаларды ұсыну туралы хабарлайды.
МЖӘ жобасы: «Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылының А. Ёлгин атындағы №1 ЖОМ және А.Текенов атындағы №2 мектептерінің асханаларын жаңарту және пайдалану».
Орналасқан жері: Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы.
Жоба шарттары: мектеп асханаларының үй-жайларын жаңартуды жүзеге асыру және жаңа технологиялық заманауи жабдықтарды сатып алу, оқушыларға тамақтану қызметін іске асыру.
Жобаны іске асыру мерзімі: жаңарту кезеңін қоса алғанда кемінде 5 жыл.
Мемлекеттік қолдау шаралары: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағының 6-тармақшасына сәйкес МЖӘ жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемін мемлекеттің тұтынуы.
МЖӘ жобасының құны: ҚҚС есебімен 8 959,0 мың теңге.
Ұсыныстарды ұсынудың соңғы мерзімі: 2020 жылғы 6 мамыр
Анықтамалық ақпаратты мынадан алуға болады:
«Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32; 8 (7182) 320161, 322969 телефоны бойынша, байланыстағы тұлға: Гоман Екатерина Александровна.

 

 

Мемлекеттік қызметтер