Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

Сабақ тоқтатылуы жайлы ақпарат

   22 қаңтарда 2 ауысымда 1-11 сыныптарында, 1 курс колледж студенттері үшін сабақтар өткізілмейді: температура - 36 градус, желдің жылдамдығы 4 м/с 

 


 

Ұйымдастыру-кадрлар жұмысы бойынша және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

   Бөлім «Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады және тікелей басқарма басшысына, білім беру басқармасы басшысының орынбасарына бағынады.
Ұйымдастыру-кадрлар жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасының Заңдарын, басқа нормативтік құқықтық актілерді, облыс әкімдігі мен әкімнің, облыс білім беру басқармасы және бөлімі туралы ережелерді, басқарманың Регламентін басшылыққа алады.
Ұйымдастыру-кадрлар жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі келесі негізгі міндеттерді жүзеге асырады:
- білім беру ұйымдарының кадрлық қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады;
- білім беру басқармасы органдарының ұйымдастыру жұмысын қамтамасыз етеді;
- облыс білім беру мекемелерінің педагогикалық және басшылық камтамасыз етілуіне талдау жасайды, жаңа мамандарды даярлау бөлігінде болжам жасауды жүзеге асырады
Ұйымдастыру-кадрлар жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің функционалдық міндеттері:
- білім беру басқармасы органдарының жұмысын қамтамасыз етеді;
- кадр жұмысы, құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
- білім беру басқармасының алқа-мәжілістеріне, кеңестерге материалдарды дайындайды, білім беру басқармасының алқа шешімдерінің орындалуына бақылау жасайды;
- қалалық және аудандық білім беру жүйесінің жағдайына кешенді мониторинг ұйымдастыру және өткізуге, облыс білім беру мекемелері қызметінің рейтингтік бағалауын өткізуге қатысу;
- облыс білім беру ұйымдары мен мекемелерінің кадрлық қамтамасыз ету мәселелері бойынша аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің қызметін үйлестіру;
- облыс білім беру ұйымдарыныңбасшылық және педагогикалық кадрларының сапалық құрамы бойынша мониторинг жүргізу;
- оқу орындарымен кадрларды даярлау және бітірушілерді жұмыс орындарына бөлуге мемлекеттік тапсырыс орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ;
- облыс білім беру жүйесінің қызметкерлеріне марапаттау материалдарын рәсімдеу;
- облыс білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін, облыстық ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарының басшыларын, білім беру басқармасының мемлекеттік қызметшілерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
- облыстық ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарының басшыларын, облыс білім беру басқармасының мемлекеттік қызметшілерін тағайындау жөніндегі конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру және өткізу;
- мемлекеттік қызмет,кадрлар резерві мен алмасуын қалыптастыру бойынша мониторинг жүргізу мәселелері бойынша басқарма қызметін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес қызметкерлерді басқару бойынша ақпаратты жинау, оны талдау жәнеқорытындысын дайындау;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне, Мемлекеттік қызмет агенттігіне, облыс әкімдігіне кадрлар бойынша статистикалық есепті қалыптастыру және тапсыру;
- электрондық құжат айналымы жүйесінде құжаттардың орындалуына бақылау жасау;
- жеке және заңды тұлғалардың есебін жүргізу, белгіленген заңнамалық тәртіпте хаттарды, өтініштер мен шағымдарды қарастыру.

Бөлім құрамы:

- Мусина Ғалия Қайроллақызы – бөлім басшысы, кабинет №402, тел.32-35-00;
- бас маман – Рамазанова Гульсим Бакибайқызы, кабинет №403,тел.32-09-64;
- бас маман – Шаханова Гүлзура Медғатқызы, кабинет №403, тел. 32-52-32;
- бас маман – Назарова Инна Федоровна, кабинет №403, тел. 32-52-32;

 

 

temp-kaz

 

ҰБТ-ның жаңа форматы