Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

Интернаттық ұйымдар бөлімі

   «Павлодар облысы білім беру басқармасы» ММ интернаттық ұйымдар бөлімі дербес құрылымдық бөлімше болып табылады және тікелей білім беру басқармасының басшысына бағынады. Өз жұмысында қолданыстағы заңнаманы, нормативтік құжаттарды, білім беру басқармасының сапа және менеджмент жүйесі сапасының құжаттарын басшылыққа алады.
Интернаттық ұйымдар бөлімі келесі негізгі функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді:
1. Облыстың интернаттық ұйымдарындағы балаларды күту және тәрбиелеу үшін жағдай жасау және балалар құқығын қорғау мәселелерінде жергілікті атқарушы органдармен өзара байланыс жасауға қатысты мемлекеттік саясатты іске асыру.
2. Белгіленген тәртіпте оқу орындарының, білім беру бөлімдерінің балалар құқықтары мен міндеттерін сақтау, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғыда қамтамасыз етілуін жүзеге асыру.
3. Дамуында түрлі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы ұйымдар желісін дамыту, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың түрлі нысандарын дамыту.
4. Облыстық білім беру жүйесін дамыту бағдарламаларын, білім беру ұйымдарының қызметін бағалаудың жаңа тәсілдерін әзірлеуге қатысу.

 

Бөлім құрамы:

- бөлім басшысы -  Жұмабекова Бибігүл Тобықтықызы, №413 кабинет,  тел. 32-60-02;
- бас маман - Жүнісова Гүлжан Талғатқызы, №413 кабинет, тел.32-60-02;
- бас маман - Кошегулова Гультан Бахытовна, каб 413, тел-326002;
- бас маман - Сыздыков Азамат Жанайдарұлы, каб 413, тел-326002;



 

 

 

Мемлекеттік қызметтер