Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

БЕКСЕИТОВА БАҚЫТ МАҚАНҚЫЗЫ

Bekseitova      Б. М. Бексеитова ұстаздар отбасында  1959 жылы дүниеге келген, өз еңбек жолын 1980 жылы Павлодар педагогикалық институтын аяқтағаннан кейін математика мұғалімі ретінде бастады. Өз кәсіби қызметінде Бақыт Мақанқызы барлық деңгейлерден өтті – мұғалім, директордың орынбасары, мектеп директоры. 1998 жылы білім жүйесі үшін ең қиын кезеңде  ол  Павлодар қаласының мектепке дейінгі балалар мекемелері басқармасының бастығы, ал бір жылдан кейін Павлодар қаласы білім беру басқармасының бастығы болып тағайындалды. Нарықтық экономика білім беру жүйесін басқаруға жаңа талаптар қойғандығын    түсініп,    осы    кезде    «экономика    және    менеджмент» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алады. Қаланың білім беру жүйесін басқара жүріп жас басшы өзінің ұйымдастыру қабілеттерін толығымен  көрсете  білді. Қатаң оңтайландыру талаптарына қарамастан, мектепке дейінгі мекемелер, қосымша білім беру ұйымдарының желісін, оның ішінде аула клубын сақтап, мектептердің материалдық базасын қолдай білді.
Оның көмегі арқылы балабақшалардың  бұрынғы ғимараттарын қайтару жөніндегі қарқынды жұмыс басталады. 2006 жылдан бастап 2010 жылдар аралығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі 35-тен 50 мекемеге дейін өсті. Мойылды ауылында 100 орындық және 1070 орындық № 25 орта мектеп жаңа мектептердің құрылысы салынды. Әлеуметтік бағыттылығы бар балалар мен жасөспірімдерге жеке маңызы бар жобалар негізінде тәрбие беру жүйесін ұйымдастыруға қойылатын жаңа әдістер қажет етілді. Қалада барлық оқушылардың бұқаралық іс- шараларға қатысуын қамтамасыз ететін, көшбасшы оқушылармен жұмыс жасайтын, «қиын» жасөспірімдермен жұмыс жасауға назар аударатын жұмыспен қамту және балалар шығармашылық орталығы құрылады.
2010 жылғы ақпан айынан бастап Бақыт Мақанқызы Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы болып тағайындалады. Ол 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасын орындау жөніндегі ауқымды жұмыс жүргізеді.
Облыста 2013/2014 оқу жылының басына бағдарламаның жоспарлы көрсеткішін 100%-ға жеткізді. 2010 - 2013 жылдар аралығында облыстың мектепке дейінгі желісі 255-тен 430-ға дейін артты. Аралас мектептерді қазақ тілінде немесе орыс тілінде оқытатын мектептерді кезең-кезеңмен ауыстыру жүзеге асырылуда. Ана тілінде оқитын қазақ балалар санының арту есебінен қазақ тілінде оқытылатын мектептер мен балабақшалар контингенттерін арттыру жұмысы жүргізілуде. 2013/2014 оқу жылының басына мектепке дейінгі ұйымдар бойынша – 88%, орта білім беру ұйымдары бойынша - 73,6% бала.
Бақыт Мақанқызы – дарынды балалармен жұмыс жасау мәселесіне көп көңіл бөледі. «Ертіс дарыны» аймақтық орталығы білім беру басқармасының қолдауымен республикамыздың оқушылары ғана емес, Ресей өңірінің шекаралас аймақтарынан келген оқушылар белсенді қатысатын - 8 сыныптарға арналған Қ.Сәтбаев атындағы әуелі аймақтық, содан кейін халықаралық жасөспірімдер кешенді олимпиадасын өткізуге бастамашылық етеді.
Олимпиада тапсырмаларының мазмұны Ресей ғалымдарының көмегімен әзірленеді. Мектепке дейінгі жастағы балалардан бастап 11-сынып оқушыларына дейін қатысудың олимпиадалық қозғалысы реттелген, 5 - 6, 7 - 8 сынып оқушыларына жаратылыстану-математика бағыттағы пәндер бойынша бір қатар жасөспірімдер олимпиадасы өткізіледі. Облыс оқушыларының халықаралық жасөспірімдер олимпиадасына қатысуы ұйымдастырылған (Ресейде Киров қаласы, Қазан қаласы). Облыста алғашқы республикалық математикалық сайыстарды өткізу ұйымдастырылған. Облыстың зияткерлік оқушылар құрама командасы бірнеше жылдар бойы республика бойынша үздік болып танылуда.
Мектеп бітірушілердің ҰБТ-ға дайындық сапасын жақсарту үшін қаланың мықты мектептерінің бірінде ауылдық мектептерден «Алтын белгі» аттестатына үміткерлерге арналған демалыс уақытындағы курстар ұйымдастырылады, облысқа жыл сайын әрбір мектеп бойынша нашар игерілген тақырыптар бөлігінде ҰБТ қорытындыларының нәтижелері жіберілетін Республикалық тестілеу орталығымен байланыс орнатылады. Аталған материал оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді жою жөніндегі жұмыста негіз болып табылады. Білім беру басқармасы ҰБТ және ОЖСБ қорытындысы бойынша жыл сайын аналитикалық жинақ шығарады. Облыстың үздік мектептері барлық аудан мектептеріне басшылық етеді.
Білім алуға мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын іске асыру үшін жұмыс істеп тұрған интернат базасында нашар көретін балаларға арналған мектепке дейінгі топтар және сыныптар ашылуда.
Бақыт Мақанқызының қолдауымен облыста оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін қала сыртындағы лагерьлер жұмысы желісі арттырылуда, Баянауыл ауылында жыл бойы жұмыс жасайтын оқу-сауықтыру орталығы ашылуда. Апаттық мектептің орнына Павлодар қаласының № 16 орта мектебіне арналған жаңа ғимарат салынды. Павлодар қаласында, Баянауыл ауданының Майқайың ауылында, Шарбақты ауданының Шарбақты ауылында, Павлодар қаласы ауылдық аймағының Кенжекөл ауылында, Ақсу ауданының Қалқаман кентінде, Ертіс ауданының Қызылағаш ЖОМ-де жаңа мектептердің құрылысы жүргізілуде.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер