Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

БУХАНОВА ГҮЛАЙЫМ ХАЛЕЛҚЫЗЫ

Buxanova   Гүлайым Халелқызы 1960 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданы Заречное ауылында туған. Павлодар педагогикалық институтын тәмамдап, орта мектептің физика және математика мұғалімі дипломын алды. 1988 - 1993  жылдары  Петропавл  қаласының № 42 ОМ, 1990 - 1993 жылдары Павлодар қаласының № 27 мектебінде математика мұғалімі болып жұмыс істеді. 1993 - 1999 жылдары – бас маман, Павлодар қаласының Ильичев ауданы білім беру бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1999 - 2002 жылдары мониторинг және мемлекеттік стандарт бөлімі бастығының орынбасары, тілдер саясаты секторының меңгерушісі, аналитика-бақылау және кадр бөлімінің бастығы. 2002 - 2009 жылдары Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің директоры. 2009 жылы - Павлодар облысы Білім беру басқармасының бастығы. 2010 - 2011 жылдары – облыстық мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының директоры.
Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде басшылық лауазымында жұмыс істеген уақытта, оқу-материалдық, техникалық базасы мен білім беру сапасын жақсартуға ерекше көңіл аударды. Колледж бітірушілерінің еңбек нарығында талап етілген жақсы теориялық және практикалық дайындықтары бар.
Облыстық білім беру  жүйесіне басшылық  лауазымында облыстың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта ұйымдастыру, ақпараттандыру үдерісін толық жетілдіру жөніндегі жұмысты жүргізеді.

Г. Х. Буханова – педагогика ғылымдарының  кандидаты,  Қазақ- стан Республикасы Қазақ Білім академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасының оқу ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер