Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

МАРДАНОВА АЙГҮЛ КАМЗИНОВНА

Mardanova    1962 жылы Павлодар облысы Железин ауданы Михайлов совхозында дүниеге келген, Винницк мемлекеттік педагогикалық институтының орыс тілі мен әдебиеті мамандығын бітірген. Еңбек жолын Прииртышск ЖОМ-да орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімінен бастады, одан кейін Павлодар облыстық комсомол комитетінде, Железин ауданының комсомол комитетінде, Индустриалды аудандық әкімшілікте, өнеркәсіп және сауда департаментінде, туризм және спорт департаментінде, Павлодар облысының  білім беру департаментінде (1991 - 2009 жылдары) басшылық етті.
Оның Павлодар қаласы базасындағы жұмысы кезеңінде оқушылар арасында ғылым негіздері бойынша республикалық олимпиада өткізілді, нәтижесінде Павлодар облысының командасы республика бойынша бірінші орынды иеленді. Облыстың интернаттық мекемелер директорлар кеңесінің жұмысын жандандырды, мекеме басшылары, педагог ұжымдар арасында тәжірибе алмасуды, интернаттық үлгідегі мекемелердің балаларымен тәрбие жұмысын ұйымдастыруда үздік тәжірибені өрістетуді дамытуға мүмкіндік туғызды.
Оның қолдауымен директорлар кеңесі республикадағы балалар үйлерінде Өскемен, Алматы, Астана қалаларында жұмыс тәжірибесімен бөлісуге шықты. Интернаттық мекемелер, мектептер және мектептен тыс мекемелер базасында тәрбиешілерге, тәрбие ісі жөніндегі директорлар орынбасарларына, сынып жетекшілерге, қосымша білім беру педагогтарына арналған семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу арқылы кадрлармен әдістемелік жұмысты дамытуға ие болды.
Аталған жұмыстың арқасында облыс базасында өзін-өзі танудан республикалық конференциялар, мектептен тыс мекемелердің педагогтары, фортопиано, скрипка сыныптары бойынша музыкалық мектептердің оқушылары арасында республикалық музыкалық конкурстар өткізілді. Интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілері облыстық және республикалық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Олар Мичурин балалар  үйінің  вокалистері  мен би ұжымы, саңырау және нашар еститін балаларға арналған мектеп- интернатының би ұжымы.
Облыстық интернаттық мекемелердің материалдық-техникалық базасы әжептәуір жақсарды. Ең ұйымдастырушылық жұмыс 2009 жылғы қазанда 70 орындық Кенжекөл ауылында отбасы үлгісіндегі балалар ауылының ашылуын өткізу болды.
Айгүл Қамзақызы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Павлодар облысына 75 жыл» медальдарымен марапатталды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер