Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

КӘРІМЖАНОВ БАХРИДЕН САРБАСҰЛЫ

Karimjanov    Кәрімжанов Бахриден 1955 жылы 23 қазанда Екібастұз қаласында дүниеге келген. 1979 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетін тәмамдаған.
1981 - 1982 жылдары – Екібастұз ауданында комсомол комитетінің ІІ хатшысы, 1982 - 1988 жылдары – Павлодар облыстық атқару комитетінің үгіт - насихат және көпшілікпен мәдени жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 1985 - 1987 жылдары Ильичев ауданында партия  комитетінің  үгіт және насихат бөлімінің инструкторы, 1987 - 1988 жылдары қалалық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы.
1988 - 1990 жылдары – облыстық білім басқармасының кадр бөлімінің бастығы, 1990 - 1991 жылдары Павлодар қаласы № 14 мектебінің директоры, 1991 - 1992 жылдары Павлодар қаласы № 42 мектебінің директоры. 1992 - 1995 жылдары - «Аңсат» сауда үйінің директоры. 1996- 2002 жылдары - № 3 гимназия-мектебінің бас директоры.
2002 - 2008 жылдары - облыстық білім беру департаментінің бастығы болып сайланды. Облыстық білім беру басшысы лауазымында білім беру сапасын жақсартуға, оқу-материалдық базасын нығайтуға, облыстық білім беру мекемелерінің желісін кеңейтуге көп көңіл бөлді.
Осы кезеңде жаңа мектептер салынған болатын: Железин ауданында 198 орындық № 3 ЖОМ, Лебяжі ауданының Шоқтал, Жабағлы ауылдарында 80 орындық, Ямышев ауылында 198 орындық, Павлодар ауданының Мичурин ауылында – 198 орындық, Набережное ауылында - 420 орындық, Ертіс ауданының Ертіс ауылында - 198 орындық, Качиры ауданының Зеленая роща ауылында - 50 орындық, Баянауыл ауданының Мұрынтал ауылында – 30 орындық, Мойылды ауылында - 100 орындық, Павлодар қаласының № 25 ЖОМ – 1078 орындық, Пограничник ауылында - 198 орындық, Успен ауданының Успен ауылының № 3 ЖОМ - 198 орындық, Екібастұз қаласының Шідерті ауылының мектебі – 600 орындық, Шарбақты ауданының  Шалдай  ауылында 220 орындық санаторлық үлгідегі мектеп-интернаты.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедек балалар үшін жағдай жасау жөніндегі ауқымды жұмыс жүргізіледі. Успен  отбасы  үлгісіндегі  балалар  үйі,  Шарбақты,  Шақат,  Павлодар балалар ауылында 70 орындық, Павлодар қаласында «Жас қанат» Жастар үйі ашылуда.
Аймақта шыққан қажеттіліктен мектепке дейінгі мекемелердің құрылысы және қалпына келтіруде 2007 жылы Павлодар қаласында 330 орындық № 10 балабақша салынды және пайдалануға берілді. Оның басшылығымен алғаш бастауыш кәсіптік білім беру жүйесі кеңейтілді. Павлодар қаласының еңбекпен түзету мекемелер барысында Павлодар қаласында № 8 кәсіптік лицей, № 12, № 10 кәсіптік мектептер ашылды.
Екібастұз қаласында дарынды балаларға арналған «Зерде» мамандандырылған жалпы білім беру мектебі, Павлодар музыкалық колледжі жанынан дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп- интернаты, Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында, Ақтоғай, Железин, Лебяжі, Шарбақты, Май, Успен аудандарында психологиялық-медици- налық - педагогикалық консультациялар өз қызметтерін бастады.
Бахриден Сарбасұлы білім беру мекемелерін компьютерлендіруге, педагогтар мен оқушылардың ақпараттық сауаттылық деңгейін және оқу-тәрбие үрдісі сапасын арттыру мақсатында компьютерлік техника мүмкіндігін кеңейтуге көп көңіл бөледі.
2006 жылы маусым айында ақпараттық технологиямен жабдықтау орталығы құрылды, орталықтың мақсаттары мектептердегі ақпараттық- технологиялық желілердің жұмыстарын жақсарту барысына басшылық жасау; мектеп қолданысындағы компьютерлік желілерді техникалық жақсарту, мұғалім кадрларын даярлықтан өткізу, мультимедиялық және коммуникациялық технологияларды дұрыс пайдалана білу, техникалық және оқу-әдістемелік функцияларын ұйымдастыру; оқушылардың білім деңгейін тексеру мақсатында тест жұмыстарын жүргізу, қашықтан басқару арқылы олимпиадалар, интеллектуалды жарыстар, оқушылар арасында ғылыми-практикалық конференциялар өткізу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Білім Министрлігінің бұйрығына сәйкес Б. Кәрімжанов «Қазақстан Республикасының оқу ісінің үздігі» белгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Ресей Федерациясының көрші облыстарымен оқу - тәрбие үдерісін біріктіргені үшін Ломоносов орденімен марапатталған.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер