Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

ОВЧИННИКОВА ЗОЯ ПЕТРОВНА

 Ovhininkova    1948 жылы 4 қарашада Украинада Луганск облысының Можнаков ауылында туған. Оның әкесі Петр, анасы Ульяна Ұлы Отан соғысына қатысқан, олар жастайынан талпынысқа ұмтылған, еңбек сүйгіш, білсем екен деп тұратын, үлкен қызы Зоядан үлкен үміт күткен. Ал, Зоя болса мектепте оқып жүрген кезінен бастап, мұғалім болуды армандайды. Сол арманы іске асып, 8 сыныпты бітіргеннен кейін, 1963 жылы Лисичан педагогикалық училищенің бастауыш мұғалімдерді дайындайтын бөліміне түседі. Училищеде алғашқы кезеңнен бастап-ақ, оның   жеке   басынан   жетекшілік,   белсенділік қасиеттері көрініс таба бастайды. Ол өз тобының старостасы, болып қана қоймай, училище ұжымдарындағы барлық қоғамдық іс-шараларына белсенді қатысады. 1967 жылы училищені ойдағыдай бітіргеннен соң Қазақстан Республикасындағы Павлодар облысына жолдама берілді. Қазақстан Республикасын картадан қайта-қайта қарап жастықтың жалынды жігер - қайратты, рамантикалық ой-пікірлер алыстағы елге барып алған білімдерін жас буынды тәрбиелеуге мықтап бекінді.
Украинадан алыстағы Қазақстанға поездбен жету бірнеше күнге созылады, жасыл орманды Украинадан кейінгі шексіз, шетсіз дала, шексіз пейзаж тіпті үрейді туғызады.
Ақыры олар отыз педучилищені бітірушілер Павлодар қаласына келіп жетеді. Бұл алғашқыда облыстық оқу бөлімі орналасқан Дзержин көшесіндегі, жүз бірінші үйде Ертіс аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Михайл Иванович Трусов қарсы алады. Ол бірден барлық топтағы жас мамандарды ауданға әкеліп мектептерге орналастырады.
Зоя Петровна үш курстас достарымен Ново-Ивановка совхозын- дағы Тельман сегіз жылдық мектебіне жіберілді. Оған тарих география пәндерінен сабақ беру тапсырылады. Сол 1967 жылы өзінде-ақ осы аталған мектептің оқу ісінің меңгерушісіне тағайындалады.
Ал, Зоя Петровна өзінің алғашқы ұстаздық еңбегі барысында өте тәжірибелі, еңбекқор талантты ұйымдастырушы және ақылшы бола білген мектеп директорымен Ирина Ивановнаны ыстық ықыласпен еске алады. Осы жылдардағы қызу еңбекпен өз білімін жетілдіре түсу мәселесін де естен шығармайды.
Ол Петропавл қаласындағы педагогикалық институттың сырттай оқи- тын тарих факультетіне түседі. Оның педагогикалық еңбекті ұйымдастыра білу шеберлігі, сол кезеңде жаңалықтарды мектеп тәжірибесіне енгізу сияқ- ты бастамашылығымен көзге түседі. 1971 жылы оны Пушкин сохозындағы Артемовка сегіз жылдық мектеп директоры қылып тағайындайды.
Бұл жауапты іске жіберу алдында аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі М. И. Трусов: «Сізді ауыр және жауапты қызметке тағайындап отырмыз, азда болса ұстаздық тәжірибе жинақтадыңыз, сіздің ұйымдастырушылық қабілетіңізбен жауапкершілігіңізге сенім артамыз», - деді.
Шынында да, бұл мектепте шешімін тез арада қажет ететін проблемалары жетіліп артылатын. Әсіресе мектеп жанындағы интернат- тың шаруашылық мәселелерін шешу қиынға түсті.
Алайда жас жігерлі, алған бетінен қайтпайтын, істі неден бастауды көре білетін басшы оларды шеше білді.
Оның іскерлігі алға қойған міндеттерді ойдағыдай орындауға мүмкіндік берді. Зоя Петровна шағын орта мектепте алғашқылардың бірі болып, кабинеттік жүйеге көшу ісін қолға алды.
Бұл жаңалық үдерісінде оқушылардың білім сапасын көтеруге мықтап әсер етті, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыруды облыстық оқу бөлімінің инспекциялық тексеру барысында Артем сегіз жылдық мектебі барлық көрсеткіштерден аудан мектептер ішінде алдыңғы қатарда екендігі көрсетілді.
Аудан көлемінде өз еңбектерінің жақсы жақтарын көрсете білген жас мектеп  басшысы  Павлодар  қаласындағы  индустриалды  аудандық  оқу бөліміннің әдістемелік кабинетін басқарушы етіп тағайындайды. Ол бұл жұмысқа қызу кірісті.
Ауданның тарих және геогрфия пәндері мұғалімдерімен жоспарлы түрде   ашық   сабақтар,   семинарлар,   түрлі   проблемалық   мәселелер бойынша  консультатциялар  тәжірибе  алмасу  мақсатында  көрші  аудан мектептерінің сабақтарына қатысу сияқты мәселелер қызу қолға алынды.
Аз уақыттың ішінде аудан мектептерінің мұғалімдері тәжірибе алмасу ісінде жүргізіліп жатқан іс-шараларды қызу қолдады.
Зоя Петровна мұғалім еңбегі үнемі өзін-өзі жетілдіру, білімімен толықтыра түсу, жаңалықтарды еңбекте ұтымды қолдана білу қажеттілігін әрқашан ескертіп отыратын.
Ол аудандық оқу бөлімінің инспекторлық жұмысында да ұстаз өз білімін толықтыра отырып, озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерін өз практикасында қолдана білуді талап ететін.
1981 жылы Зоя Петровнаны қалада жаңадан салынған 1320 орындық № 22 орта мектебіне директор етіп тағайындайды. Ол осы үлкен ұжымда басшылық ете отырып нақтылы оқу тәрбие үдерісінде көрнекті табыстарға қол жеткізеді.
Аз жылдар ішінде үш мыңнан артық оқушы және 220 ұстаз тәрбиешілерге педагогика және психология ғылымдарының жаңалықтарына және озат ұстаздардың үлгілі тәжірибелеріне сүйене отырып, мектеп тек қала бойынша ғана емес, облыс және Республика бойынша алдыңғы қатарға шықты.
1987 жылы № 22 орта мектептің іс тәжірибесін Республика оқу министрлігі зерделеп жоғары баға бере отырып оның іс үлгісін Республика мектептеріне таратуға ұсынылды.
Зоя Петровнаның творчествалық жаңашыл педагогикалық еңбегі жоғары бағаланып, оған 1987 жылы «Қазақстан Республикасы мектеп- теріне еңбегі сіңген мұғалім» деген құрметті атақ берілді.
1987 жылы Зоя Петровнаны қалалық оқу бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындайды. Ол, 20 жыл бойғы еңбегінде ауыл мектебінің мұғалімінен бастап оқу-ағарту саласындағы барлық лауазымды сатылар- дан табысты нәтижелерге қол жеткізе білді.
Ол сол кезеңнің алға қойған талаптарына сәйкес оқушыға берілетін білімнің сапасын барған сайын жоғарлата отырып, болашақта кәсіби мамандықты аз уақытта меңгеруге мұғалімдер қауымын осы биікке бағыттап отырды.
Зоя Петровна мектеп басшыларынан педагогикалық ұжымды басқару үрдісінің басты мәні педагогтарды оқыту мен тәрбиеде ең жоғарғы нәтижеге жету мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарының іс- әрекеті мақсатында ұйымдастыра білу талаптарын қойды.
Ол, үнемі ізденуді тәжірибелі басшылардан үйренді. Еш уақытта есінен шығарған  емес. Олардың  ішінде  А. К. Новакшанов,   Т. Р. Шаймерденов, А. В. Бобынина өздерінің іс тәжірибелерінен мол мағлұмат алып практикада лайықты түрде пайдалана білетінін атап өтеді.

1998 жылы білгір басшы, іскер ұйымдастырушы, оқу тәрбие ісінің жоғары маманы ретінде облыстық білім департаментінің басшысы етіп бекітеді. Облыс Республика көлемінде білгір іскер азаматтың мұндай орынға өсуін педагогтар қауымы жылы ықыласпен қабыл алды.
Облыстық оқу бөлімін басқару кезінде де сол уақыттың талаптарына сай, жаңалықтар мен өзгерістер іске асырылып отырды. Әсіресе олардың ішінде жаңа ақпараттық коммуникативтік техникаларды, оқу-тәрбие үрдісіне енгізу мәселелері мықтап қолға алынды.
Зоя  Петровна  оқу  тәрбиесіндегі  аса  зор  еңбегі  жоғары  бағаланып, «Ы. Алтынсарин» медалі, Республиканың оқу ісінің құрметті қызыметкері белгісі, «Республиканың тәуелсіздігінің он жылдығы» медалі, Республика- ның оқу үздігі белгісі, тағы басқа марапаттары бар.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер