Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

АХМЕТОВА КҮЛЖАН МҮКІШҚЫЗЫ

  Axmetova   Г. М. Ахметова 1950 жылы 16 қыркүйекте Павлодар облысының Екібастұз қаласында дүниеге келген. 1967 жылы Екібастұз қаласының № 3 орта білім беру мектебін үздік бітірген. Дәл осы мектеп ішінде мектеп директоры Аркадий Мартынович Бауэрдың сабақтарының арқасында сөзді бағалауды түсініп, филология мен орыс поэзиясын сүйіп, ұстаз болуға бел буды. 1971 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология факультетін үздік бітіріп, Павлодар облысының білім беру бөлімінің басшысы Тәжібай Рахметоллаұлы Шаймерденовтың   қолынан   өзі   туған   Екібастұз қаласының № 3 орта мектебіне жолдама алды. 1971 - 1975 жылдары орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі болды. Жас, сұлу мұғалімді балалар бірден ұнатты. Әр сабағын ол орыс классиктері поэзиясымен бастап, сонымен аяқтап жүрді. Әр оқушыдан ол жеке тұлға көріп, оларға сенімділік сезімін ұялата білді. Өзі сынып жетекшісі болған 7 «В» сыныптың сынып сағаттары өте қызықты өтіп жүрді. Балалар өздері үшін көптеген жаңалық ашты. Олар өздерін білімді, қайталанбас тұлға ретінде сезінді. Ата-аналар жиналысына әкелері де қуана-қуана қатысып жүрді. Келмеске болмайды, өйткені сынып жетекшісі шақыру қағазына ата-ананың аты-жөнін толық жазып жіберетін. Бір жиналысқа келген әкелер үйлеріне көңілдері толып, қуанып қайтатын, әрбір оқушы туралы ол жылы сөз айтып қайтаратын.
Кейінірек, алғашқы жасаған мамандық қадамдарын еске ала отыра, балалардың өздері мені жақсы ұстаз болуға үйреткен және де жаман ұстаз бола алмаған, қалай десе де ұлы ұстаздардан тәжірибе алған. № 3 орта мектебінің директоры Николай Павлович Ничаев туралы ерекше айтып өткен жөн. Дәл осы адам жас педагогтың таланты бар екенін аңғарған болатын. Сабақтарына қатысып үнемі кеңес беріп отыратын, кәсіби шеберлік құпияларымен бөлісе отырып, жұмыста қолдануына жеке әдебиеттер әкеліп отыратын.
1974 жылы Күлжан Ахметова алғашқы Павлодар облысы бойынша Мәскеу қаласында КСРО жас мұғалімдердің бірінші съезінің делегаты болған, ол «Ең жақсы ұстаз – комсомолец» ВЛКСМ-нің ОК белгісімен марапатталған.
Педагогтік жұмыспен қатар, ол қоғам жұмысын белсенді атқарды. Қалалық комсомол комитетінің мүшесі, қалалық кеңестің депутаты болып сайланған.
1975 жылы Күлжан Ахметованы Екібастұз қаласының жастары Екібастұз қалалық комсомол комитетінің екінші хатшысы етіп сайлады. 1977  жылы  ол  облыстық  комсомол  комитетінің  насихат  бөлімі  және мәдени-көпшілік жұмысы бөлімінің меңгерушісіне тағайындалды, ал 1979 жылы Павлодар облыс комитеті комсомолының оқушы жастар жөніндегі хатшысы болып сайланды.
1981 - 1983 жылдары Алматы жоғары партия мектебінің журналистика бөлімінде оқиды.
1983 - 1985 жылдары Ермак ауданының атқару комитетінің орынбасары болып, 1985-1987 жылдары Павлодар облыстық партия комитетінің ғылым және оқу орындары бөлімінің нұсқаушысына тағайындалады. 1988 жылы Екібастұз қалалық комитетінің Қазақстан Компартиясының хатшысы қызметінде жұмыс істейді.
1991 - 1996 жылдары Павлодар облысы бойынша ақпараттық және қоғамдық келісім басқармасы, облыс әкімшілігінің пресс-қызметін басқарды.
1996 жылы Күлжан Мүкішқызы Облыстық білім департаментін басқарды. Бұл кезең өте ауыр, қиын жылдар болған. Педагог кадрлар еңбек ақысын, ал студенттер шәкіртақысын алмаған кез еді. Ең алдымен қатардағы мұғалімдердің төзімділігі мен сол кездегі оқу мекемелері басшыларының қажырлы еңбегінің арқасында, білім саласы бұл қиыншылықтарды жеңе білді.
Осы уақытта К. М. Ахметовнаның білгір басшы ретінде педагог кадрларының дарынды мұғалімдердің патриоттық сезімін оята отырып, бүтіндей мектеп жүйесін сақтап қалуда аса зор еңбек етті. Ай сайын еңбек ақысын алмаған мұғалімдер бұл өтпелі кезеңінің қиындығын көрді. Бірақ, аянбай еңбек жолдарын жалғастыра берді.
Осы уақыттың өзінде де облыстық білім беру басқармасы мектеп басшылары және педагог кадрларымен әдістемелік жұмыстарға аса көңіл аударды. Мектептерде оқу тәрбие-үдерісіне ақпараттық-коммуникативтік технологиялар енгізе бастаған уақыт еді. Сондай-ақ, аудан, қала орталықтарында жаңа педагогикалық технологияларды насихаттау барысына арналған. Семинарлар ай сайын өткізіліп отырды. Бұл семинар- ларда педагогика ғылымында және алдыңғы қатарлы озат педагогтардың іс-тәжірибелері жайында сөз бастады. Осы кезеңнің қиындығына қара- мастанмектептеинтернаттаржәнебалаларүйлеріндетәрбиеленушілердің хал-жағдайы да назардан тыс қалған емес. Оларды азық-түлік және киім- кешекпен қамту мәселелері ұдайы қадағаланып отырды.
Жергілікті депутаттарды көндіріп, дәл білім саласы қаржылық көмекті қажет ететіні туралы айтып, жеткізу оңайға түскен жоқ.
Ал, арнайы орта білім беру мекемелерін жапқыздырмай, сақтап қалуы да оңайға түспеген екені туралы әлі де Күлжан Мүкішқызы мен оның командасындағы ұстаздар – Николай Сергеевич Силкин, Қабылқақ Манапұлы Қапенов, Вячеслав Дмитриевич Лебедь, Валерий Иванович Кабурнеев, Төлеу Әріпбайұлы Әріпбаев, Галина Ивановна Малахованың есінде сақтаулы. Бірақ, бұл бүгінгі күні тарих болып қалды.
1998 - 2002 жылдар аралығында әлеуметтік мәселе жөніндегі Павлодар қаласы әкімінің орынбасарлығына тағайындалды, осы жұмыс кезеңдерінде де жастар мен жасөспірімдерге көп көңіл бөлді. Қалалық маслихатының қолдауымен жағдайы нашар жасөспірімдерге баспана ашу, «тубвиражды балаларға» жазғы лагерь ашып, әскери дайындыққа шақырылатын жастардың денсаулығын нығайту лагерін ашу және қалалық үрмелі оркестрін құру мәселесін шешті.
Оның  бастамасымен  Ауған  соғысына  қатынасқан  жауынгерлерге арналған ескерткіш орнатылды. Әлеуметтік жағдайлары нашар адамдар мен тұрақты мекендері жоқ адамдар үшін баспана мәселесін де қолға алды. 2002 жылдан бастап 2009 жылға дейін К. Ахметова зейнеткерлікке шыққанға   дейін   облыстық   ішкі   саясат   басқармасын   басқарды.   Бұл жұмыста да жоғары білгірлік, адамдармен тығыз қарым-қатынас жасау мен ұйымдастыру мәселелері бойынша сүбелі еңбек атқара білген жұмыс жасау қабілетін, талантын көрсетті.
Қай жерде жұмыс істемесін, К. Ахметованың әріптестері өте бір жылылықпен еске алып отырады.
Күлжан Мүкішқызының жылдар  бойы атқарған сапалы қызмет барысы жоғары орындардың марапаттарына ие болды.
К. М. Ахметованың еңбегі комсомолдық марапаттармен ескерілді, Қаз СРО Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, «Еңбегі сіңген мәдениет қызметкері» белгісімен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Облысқа сіңірген еңбегі» белгісімен марапатталған.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер