Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

ДАЙКЕНОВ ТЕМІРБОЛАТ ЕРЕЖЕПБАЙҰЛЫ

 Daikenov    Темірболат Ережепбайұлы Дайкенов 1940 жылы 10 ақпанда Павлодар облысының Максим Горький (қазіргі Қашыр) ауданының Жайлауағаш ауылында дүниеге келген. Жастайынан небір қиындықтарды басынан кешірген Темірболат тағдырға мойымастан, білімге құштар болып өсті. Оның ұстаздық еңбек жолы 1958 жылы Тендік бастауыш мектебінде мұғалімдектен басталды. 1965 жылы Карағанды педагогикалық институтың үздік бітірген ол білімі мен шеберлігінінің арқасында Қашыр аудандық оқу бөлімінің нұсқаушысы болып тағайындалды. 1970 - 1972 жылдары Березов орта мектебінде директор болып жұмыс істеді. Бастамашыл, еңбекқор, тәжірибелі ұстазды Қашыр аудандық партия комитеті 1974 жылы аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі қызметіне ұсынды. Осы жауапты қызметте жұмыс істей отырып, Т. Е. Дайкенов мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің оқу-материалдық базасын бекітуге көңіл аударды. Аудандық білім беру нысандарының құрылысы қолға алынды. Барлық орталық совхоз және колхоз мекендерде 190-нан 920-ға дейін орындық мектеп ғимараттары тұрғызылды. Мектептерде оқу үдірісіне және сыныптан тыс жұмыстар үшін барлық жағдайлар жасалған: кең оқу кабинеттері мен сыныптар, ағаш және металл бойынша оқу шеберханалары, спорт залдары. Осының бәрі жоғары сапамен іске асып, оқышылардың мықты білімінің, оқу үлгерімінің жақсаруына ықпал еткені – ең алдыменен аудан білім бөлімінің меңгерушісі Темірболат Дайкеновтың өз қызметіне деген үлкен жауапкершіліктің нәтижесі.
1978 жылы Т. Е. Дайкеновтың табысты еңбегі ерекше көзге түсіп, оған Павлодар облыстық комитеті ғылым және білім беру бөлімінің нұсқаушы қызметі тапсырылды. Сол кезде Темірболат Ережепбайұлы ғылыми негізігнің білім беру іс-әрекетінде қөрініс табуына мектеп басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары қоян-қолтық ынтымастықта қызмет атқарды.
1984 жылы жоғары мектеп және ғылым берудің облыстық комитеті кәсіподақ ұйымының торағасы болып сайланды. Ол кісінің облыс ұстаз- дардың әлемеуттік тұрмыс жағдайы жақсаруы үшін сіңірген еңбегі орасан зор. Мұғалімдердің, білім саласындағы ардагерлердің қуанған және мұңайған кезінде жандарынан табылып, өзінің табиғатына лайық сабырлы мінезімен баурап алатын қасиетімен талай есте қалатын іс-әрекеттерін жасады. Солардың бірі – «Ағарту» санаторий-профилакторийдің құры- лысы. Бүл мекемені іске қосып, білім саласындағы қызметкерлер мен ұстаздардың денсаулығына, қал-қуаттарына Т. Е. Дайкенов ерекше мән берді. Бүкіл Совет Одағына Мәскеудің қолдауымен үздік тәжірибе ретінде таратылған теңдесі жок бастамасы – ол мұғалімдерге арнайы, олардың өздері тікелей қатысуымен салынған жүзге жуық тұрғын үйлер. Сол баспаналар бүгінгі күнге дейін талай буын ұстаздар отбасыларының қара шаңырағы болып отыр.
1988 жылдан 1996 жылға дейін Темірболат Ережепбайұлы Дайкенов облыстық  білім  беру  бөлімін  басқарды.  Күнбе-күнгі  өзінің  көп  қырлы

еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға тырысты. Үлкен дағдарыс салдарынан республика бойынша шұғыл түрінде мектептердің саны азайтылып, кәсіби білім жүйесіндегі талай оқу мекемелері жабылып жатқан кезінде, Павлодар облысында Т. Е. Дайкеновтың қайраттылығы мен ұстамдылығының арқасында орта білім беретін мектептердің, қәсіби- техникалық оқу мекемелерінің жүйесі толық сақталынып қалды.
Ол өз кәсібінің майталманы болғандықтан, Қазақстан тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тіккен кезде, тіліміздің мәртебесін артыру, ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлу мақсатында барша рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салды. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.
Заманның беталыс бағдарын алдын ала болжай білген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын Темірболат Дайкенов оқушылар мен ата- аналардың тілегін қолдап, тандау есебімен мектептердің білім беру жүйесін жаңартуда қөп еңбек етті. Оқу үрдесіне біртіндеп халық педагогикасының үздіктерін еңгізді. Лицей, гимназияларды, жаңа үлгідегі оқу мекемелерін құрумен терендетіп, бір қатар пәндерді оқыту сыныптары мен топтары қалыптастырылған болатын. Жаңа үлгідегі оқу мекемелерде материалдық-техникалық базасы, ақпараттық технологиялардың бар болуы және осы жаңа құбылысты оқу үрдісінде ұстаздар ұжымдары иелік ете білуі ескерілді.
Облыстық білім саласын Т. Е. Дайкенов басқарған жылдары аймақтағы аралас мектептерді қазақ тілінде оқытуға ауыстыру үрдесі басталды. Осы кезенде облыстың аудандары мен қалаларында жекеменшік мектептерді және мектепке дейінгі мекемелерді ашу таратылды. Павлодар қаласында дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты ашылды. Кейін, 1999 жылы, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан, жан-жақты дарынды тұлғаларды тәрбиелеу мақса- тымен Т. Е. Дайкенов өзінің «Дарын» жекеменшік қазақ мектебін ашты. 2004 жылы осы мектептің жаңында жекеменшік қазақ балабақшасы іске қосылды.
Т. Е. Дайкеновтың кәсіби мамандығына құштарлығы, мұғалім еңбе- гінің сан қырлылығын көрсете білуі Павлодар облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының директоры  болып 1996 жылы тағайындалғанда ұстаздар қауымына өз оң әсерін тигізді. Мұғалім кәсіби шеберлігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі үшін кезінде Дайкенов институт жабылып қалмай, инновациалық үрдесінде жұмысын ұйымдастыруына көп еңбектенді.
Т. Дәйкеновтың басшылығымен облыста әртүрлі тақырыптарда ғылыми-әдістемелік семинар, конференция, педагогикалық оқу, байқау, көрмелер ұйымдастырылып, ондай іс-шараларға ғалымдар мен баспа ақпарат өкілдерін жиі қатыстырып, озат педагогикалық тәжірибелер облыс,  республика  көлемінде  таратылды.  Институтта  оның  тікелей

қатысуымен жан-жақты эксперименталдық жұмыстары өткізілді, шағын  мектептерде  оқу   жүйесінің   жаңа   модельдері   іске   қосылды. Т. Е. Дайкеновтың авторлық, ғылыми жетекшілігімен шыққан экономика біліміне арнайы бірнеше жаңа оқулықтар мен бағдарламалар облыс, республика бойынша оқу үрдесіне еңгізілді. Темірболат Ережепбайұлы Павлодар облысында алғаш рет орыс тілді мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін дайындайтын екінші жоғары оқу орнын ашты. Мамандығының сырын, өзінің ұстаздық тәжірибесін, еліміздің жас ұрпаққа  дұрыс  білім  мен  тәрбие  беру  жолдары  туралы  толғауларын
«Ұстаз –Учитель!» атты кітабына жариялады.
Республика бойынша тұңғыш болып ашылған институттың мұра- жайы Павлодар облысы білім саласының тарихы мен даму кезендерін, маңызды тұлғаларын, естелік фотогалереясын ұйымдастыруы да Дайкеновтың игілі істерінің бірі.
Ұстаздардың жан-жақты білімділігін, икемділігін, шеберлігін, ерекше шәкіртжандылығын, мейірімділігін, жанкешті еңбегін, үздік тәжірибесін көрсету мақсатында 2003 жылы Темірболат Ережепбайұлы өз еңбегімен теріп - жинаған қаражатын «Ұстаздар газеті» баспасөз құралын шығаруына жұмсады. Мақсаты – біреу ғана, ол газетті ұстаздық құралына, мінбіріне айналдыру. Осы бастамасын облыс әкімі де, облыс, республика білім беру саласындағы басшылары да, бүкіл ұстаздар қауымы да ризашылығымен қабылдады. Арада 10 жылдан астам уақыт өтсе де, «Ұстаздар газеті» ұстаз- дар үшін облыстағы ең тартымды, қажетті баспасөз құралы болып келеді.
Т. Е. Дайкенов бірнеше мәрте облыстық халық депутаттары Кеңесте- рінің депутаты (1988, 1992, 1996 жж.), Мұғалімдердің Бүкілодақтық съезінің делегаты (1988 ж.), Кәсіподақтардың Орталық комитетінің мүшесі (Мәскеу, 1988 ж.) болып сайланды.
Ы. Алтынсарин атындағы медалімен марапатталған (1993 ж.). Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі (1969, 1990 жж.), ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері (2001) атақтарына ие болған.
Білімсаласында50жылқызмететкенаяулыұстазөшпесізінқалтырды. Оның өмірінің жалғасы – отбасы мен ұрпағы, өнегелі шәкірттері, егемен елдің бүгіні мен ертеңі үшін атқарған ұстаздардың игілі істері.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер