Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

ВАСИЛИЙ ИВАНОВИЧ ЩЕРБИНКО

     sherbinkoВасилий Иванович Щербинко 1924 жылы Успен ауданының Вознесенка ауылында туған. 1941 жылы В. Воровский атындағы Павлодар педагогикалық училищесін тәмамдаған. 1941 - 1942 жылдары Рождественский жеті жылдық мектепте мұғалім болып қызмет етеді. 1942 жылы өз еркімен майданға аттанады. Алғашқы ұстаздық жұмысын ауыл мектебінен бастайды, ол кезде жоғары білімі бар мұғалімдер жоқтың қасы болатын, сол себептен жас маманға мектепте бастауыш сынып мұғалімі болумен қатар, басқа пәндерден де сабақ беруге тура келді. Осы тұста Ұлы Отан соғысы басталып, ел азаматтары тұтқиылдан шабуыл жасаған жауға қарсы, майданға аттанып жатқан дүрбелең кез еді. Әлі жасы 18-ге жетпеген жас патриоттар, майданға сұранып әскери комиссариатқа қайта - қайта келіп, өтініш білдірген еді. Олардың арасында Василий Иванович те болды. Ақыры, 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, жедел, бір айлық дайындықтан кейін Мәскеуден шалғай орналасқан Калуга қаласынан бір-ақ шығады. Оны алғашқы уақыттың өзінде-ақ артиллерия бөлімі байланыс ісін жүзеге асыратын бөлімше командирі етіп тағайындайды. Василий Ивановичтің айтуы бойынша: «Мен мұғалімдік мамандығыма сәйкес дивизион комсоргы етіп сайланып, қосымша әскери-саяси жетекшісінің көмекшісі болдым».
Бұл жұмыс әрі қырлы болатын, окопта орналасқан қатардағы жауынгерлер арасында газет оқу, саяси тақырыпта әнгімелер өткізу, әскери парақшалар шығару т. б. істер атқарылатын. Жауынгерлердің көпшілігі шала сауатты, тіпті сауатсыздары да болатын, олардың атынан туыстарына, отбасыларына хаттар жазуда менің міндетім болатын. Майданда жүріп коммунистер қатарына алындым.
Ұлы Отан соғысы Жеңіспен аяқталуға жақындағанда, жас буындардың болашағын ойлаған, орталық органдар ең алдымен майдан шебінен мұғалімдерді елге қайтарып, мектептерде жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Солардың қатарында мен де бар едім», - дейді ол.
Василий Ивановичті майданнан оралып, туған қаласына келгеннен кейін, облыстық партия комитетінің нұсқаушысы етіп тағайындайды. Алайда, ол өзінің таңдап алған сүйікті, алғашқы мамандығын ойынан еш уақытта шығармаған.
Ол өзінің ұстаздық мамандығын толық меңгеру үшін білімін жетілдіру мақсатында жоғары оқу орнына  түсуді  ойлап,  Алматы  қаласындағы С. М. Киров атындағы университетті орта мектеп мұғалімі біліктілігі беріліп, сәтті аяқтайды.

1945 - 1954 жылдары университетті аяқтағаннан кейін қалалық партия комитетінің шешімі бойынша қалалық халықтық білім беру бөлімінің меңгерушісі етеді. Осы кезде жоғары білімі бар мұғалімдер тапшы еді. Оған Павлодар қаласының педагогикалық және сүт техникумында тарих пәнінен сабақ беруге тура келді.
Жылдар өтті. 1954 жылдан бастап Василий Ивановичтің өмірінде кең көлемді жаңа бетбұрыс басталды. Ол облыстық оқу бөлімінің меңгерушісіне жоғарылады. Бұл кезең облыстың ауыл шаруашылығы мен өндірістің кең көлемде қарқындап дамуының басы болатын.
Қазақстанның егістік облыстарында жаппай тың және тыңайған жерлерді игеруге келген адамдардың отбасын үймен қамтамасыз ету, мектептер және балабақшалар салу басты міндеттер болды. Адамдарға және жас буынға шынайы қамқорлық жасау қатаң жауапкершілікті талап етті.
Міне, осы кезеңде Василий Ивановичтің қажырлы еңбегі, шебер ұйымдастырушылығы, адамдарға деген ілтипаты мен ықыласы, кездесетін қиыншылықтарды алдын-ала болжай білуі, талантты басшы екендігі ерекше көзге түсті.
Ол    уақытпен        санаспай        жаңа    құрылып    жатқан    кеңшарлардың орталықтарында және бөлімшілерінде болып істің мән-жайын өз көзімен көргенше  тыным  таппайтын.  Осы  еңбектің  арқасында,  аз  уақыт  ішінде мектеп құрылысы мен балабақшалар үйлері бой көтеріп пайдалануға берілді. 1965    жылдың    басында    В. И. Щербинконы    облыстық    партия комитетінің ғылым және оқу орындары бөліміне басшы етіп тағайындады. Бұл жылдары облыс көлемінде ірі өндіріс ошақтарының салынуы ауыл шаруашылығының  мамандық  беретін  оқу  орындарын  ашу  мәселелері күн тәртібіне өткір қойылды. Бұл уақыттың ішінде Василий Иванович мол жемісті еңбек атқарды.
Жаңадан ашылып жатқан мектептер мен балабақшаларға арнаулы жоғары білім беру мұғалімдерін дайындау қажеттілігі туды. Педагог кадрларды даярлау үшін 1962 жылы Павлодар қаласында педагогикалық институт және Екібастұз қаласында педагогикалық училище ашылды.
Өткен ғасырдың 60-шы жылдардың басында облыстың қалалары мен елді мекендерінде жастар арасында (әсіресе мектеп оқушылары) құқықтық тәртіп бұзушылық сияқты келеңсіз жағдайларды болдырмау мәселесі күн тәртібінде тұрды. Осыған байланысты бұл мәселені шешу жолдары қарастырылды.  Облыстық  партия  комитеті 1962 жылдың көктемінде Екібастұз қаласының бір топ басшылары Украинаның Донецк облысындағы Горловка шахтерлер қаласында мектеп және жұртшылық бірлесе отырып жастарға тәрбие беру ісі жайлы тәжірибені зерттеп қайтуға жіберілді.
Педагогикалық ұжымдардың өндірісте жұмыс істейтін ата-аналармен байланысы нығая түсті, жалпы алғанда қала бойынша бұл игілікті істерді қалалық партия комитетінің жанында құрылған Кеңес басқарып отырды. Қалалық және өндіріс орындарындағы Кеңестерге инженер-техниктер, экскаватор машинистері, теміржолшылар және құрылысшылар кірді.
Тәрбиесі «қиын» деп аталатын балаларға өндірістің көзге түскен жас мамандары бекітілді. Олар балаларды спортпен айналасуға, туристік жорықтарға қатынасуға, эстетикалық тағылымдарды дамыту бағытында күнделікті жұмыс атқарып отырады.
Бұл жұртшылық пен қоғамдық орындардың, өндіріспен тікелей тығыз байланысы оқу-тәрбие үдерісін жетілдіре түсуге мүмкіндік береді. Оқушылардың үлгерімі өсе түсті. Құқықтық тәртіп бұзушылық күрт азайғандығы байқалды.
Екібастұздықтардың жастар тәрбиесіндегі жұмыстары негізінде екі рет республикалық конференция өткізілді. Екібастұздықтардың бұл тәжірибесін ұдайы қолдай отырып, оны толықтыратын жана формаларды жүзеге асыруда облыстың партия комитетінің В. И. Щербинко басқаратын бөлімі қамқорлығына алып отырды.
Өткен ғасырдың 50 - 60 жылдары балалар үйлерінің орнына жаңа үлгідегі оқу орындар - мектеп-интернаттар салынды. Онда оқушылардың адамгершілік тәрбиесіне және жан-жақты дамуына барлық жағдайлар қарастырылды. «мектеп-интернат» кешенінде басқа сыныптар, оқу кабинеттері, кіші және үлкен спорт залдар, оқу шеберханалары, еңбек қызметі кабинеттері және басқа да үй жайлар қарастырылған.
Василий Иванович біздің өңірде халыққа білім беру, жастарды биік адамгершілікке тәрбиелеу, спорт арқылы салауатты өмір салтын жүзеге асыруда жемісті еңбек атқарған.
Республика Үкіметі, жергілікті органдар Василий Ивановичтің еңбегін жоғары бағалады. Ол КСРО ордендері мен медальдарымен марапатталған. 1961 жылы Оқу министрлігінің бұйрығы бойынша «Қаз СРО оқу ісінің үздігі» белгісі берілген.  1966 жылы Қаз СРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен В. И. Щербинкоға «Қаз СРО мектебінің еңбек сіңірген ұстазы» деген атақ берілді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер