Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

ГУЛЯЕВ ВЛАДИМИР ЕВДОКИМОВИЧ

   Guliaev    В. Е. Гуляев 1917 жылы 5 шілдеде Пермь облысының Пермь қаласында дүниеге келген. 1929 жылы бастауыш білім алған. Ол бастауыш мектепті бітіргеннен кейін Омбы шаруа-жастар мектебіне оқуға түседі. В. Гуляевті оқу ісінің үздігі ретінде соңғы сыныпты бітірмей-ақ, Нытвенск педагогикалық техникумына оқуға жібереді, оны 1934 жылы бітіріп шығады. Педагогикалық техникумды  бітіргеннен кейін, оқу үздігі ретінде Пермь педагогикалық институтына іссапарға жібереді, ол онда география факультетіне оқуға түседі. В. Е. Гуляев 1938 жылы институтты  үздік  бітіреді  және  оны  Краснодар өлкесіне педагогикалық жұмысқа жібереді. Аудандық халықтық білім беру бөлімінің бұйрығымен ол география пәнінің мұғалімі, одан кейін Минусин педагогикалық училищесінің меңгерушісіне тағайындалды, онда 1940 жылдың тамыз айына дейін табысты еңбек етеді. Одан кейін Абақан қаласындағы Хақан ұлттық  педагогикалық училищенің меңгерушісіне ауысады. 1940 жылдың қараша айында Совет Армиясының қатарына шақырылады. Әскер қатарында В. Е. Гуляев өзінің міндетін мүлтіксіз орындап, оның өз ісіне аса жауапкершілікпен қарауы, жоғары білімділігі, оны қатардағы солдаттан аға лейтенант дәрежесіне дейін көтерді.
Ол қарулы күштер қатарындағы азаматтық қызметін ойдағыдай аяқтағаннан кейін өз еркімен жоғарғы әскери басшылардың кеңесімен оқытушылық жұмысқа ҚазСРО-ға барады. 1946 - 1949 жылдары Ленгер қаласындағы орта мектептің директоры болып жұмыс істейді, ал 1949 жылдан бастап 1950 жылдың желтоқсан айына дейін Оңтүстік Қазақстан облысының халықтық білім беру бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс жасады.
В. Е. Гуляевтің жұмысы, оның талантты ұйымдастырушы және ақылды басшы ретінде ескеріп, жоғарғы органдар оны 1950 жылдың желтоқсан айында Павлодар облысы халықтық білім беру бөлімінің меңгерушісі етіп тағайындайды. Өзіне тән энергиясымен Владимир Евдокимович жаңа жұмысқа кірісті. Оның жұмысының бастапқы мақсаты Павлодар облысында орта білім беретін мектептерді басқару кадрларын нығайту еді. Владимир Евдокимович мектептердің, оның ішінде ауылдық жерлерде материалдық-техникалық базасын бекітуге аз көңіл аударған жоқ. Облыстық халықтық білім беру бөлімі жұмысының жоғары сапасының нәтижесінде В. Гуляевті 1954 жылы ҚазСРО КП әлеуметтік мәселелер жөніндегі облыстық атқару комитетінің төраға орынбасары етіп бекітеді.
1960 жылдардың басында Қазақстан Республикасының әкімшілік қарамағында  Тың  өлкесі  құрылды.  Өлке  ұйымдастырушылар  құрамына

облыстардан үздік кадрлар іріктелген болатын. Олардың ішінде В. Е. Гуляев та  бар  еді.  Ол  өлкелік  халықтық  білім  беру  бөлімінің  меңгерушісі  етіп тағайындалды. В. Е. Гуляевтың жаңа жұмыс орнында қызмет алаңы кеңейді. Осы кезде өлке мектептерінде, әсіресе ауылдық жерлерде педагог кадрлардың    жетіспеушілігі    қатты    сезілді.  Ауылдықжердегі көп мұғалімдердің оқужүктемесі едәуір шамадан тыс болды,бұл оқушылардың білім  сапасына  кері  әсерін  тигізді.  Кадрлардың  жетіспеушілігін  көре отырып,  Владимир  Евдокимович  аталған  мәселені  шеші  үшін  облыс өлкелерінде педагогикалық институттар ашу маңызды екендігін түсінді. Педагогикалық  институттарды  ашу  жергілікті  жастарға  жоғары  білім алуға, кейін туған өлкесіне мұғалімдік қызметін бастауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ  жаңадан  ұйымдастырылған  тың  совхоздарында  мектеп құрылыс  туралы  өзекті  мәселе  тұрды.  Алғашқы  жылдары  мектептер кішігірім  сынып  бөлмелері  және  тар  коридорлары  бар  барак  типтес ғимараттарда орналасты, спорт және акт залдары болған жоқ. В. Гуляевтің бастамасымен мектептер құрылысы және Шалғайды елді мекендерден мектеп бітірушілер осы институттардан білім алып мектептегі мұғалім кадрларын сапалы түрде толықтыра бастады. Ауылдарда үлгідегі жобалар бойынша 192, 320, 480, 536 орындық, ал ірі елді мекендерде 920-ға дейін орындық мектептер салына бастады.
Осы уақытта мектептерде оқушыларды еңбекке  тәрбиелеуге ерекше мән берілді. Орта мектептер жанында оқу-өндірістік бригадалар құрылды. Жергілікті совхоздардың ауыл шаруашылық мамандарымен бірлесіп, механизатор кадрларын даярлау үшін мектеп қабырғаларында машина жүргізу кабинеттері құрылды, сондай-ақ кең профильді механизаторларды даярлау үйірмелері ұйымдастырылды.
В. Гуляевтің білім беруді дамытуға қосқан зор үлесі еленбей қалған жоқ. ҚазСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасы мектептеріне еңбегі сіңген мұғалім» деген құрметті атақ берілген. ҚазСРО және КСРО оқу министрліктерінің бұйрығы бойынша ол«Ағарту ісі үздігі» төс белгісімен марапатталған. Владимир Евдокимович Отан алдындағы жауынгерлік ерлігі үшін «За победу над Японией», «За победу над Германией» медальдарымен марапатталған.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер