Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

АҚШОЛАҚОВ ТӨЛЕУТАЙ ҚАЗИҰЛЫ

Aksolakov       Төлеутай Қазиұлы Ақшолақов 1915 жылы 4 қаңтарда Павлодар облысы Баянауыл ауданында (Қызылтау тауында) шаруа отбасында туған. Жұт жылдары отбасымен Павлодар қаласына көшіп келеді. Ұжымдастыру кезеңінде Ақшолақовтың әкесі Қази республикадағы колхоздардың бірінде төраға болды және 1932 жылы колхоз қозғалысында (90 жылдарыақталды)асырасілтеуменкүресжөніндегі кампания кезінде жазаланды. Ақшолақтың атасы Қызылтауда би болған. Т.Ақшолақовқа бұл фактілер оқу кезінде де жоғары  оқу  орнында  да  кедергі  болды.  Алайда, осы    қиындықтарға    қарамастан    Алма-Ата    қаласының    мұғалімдер институтына оқуға түседі және оны қызыл дипломмен бітіреді. Кейін ол Қазақ мемлекеттік баспасында, Павлодар қаласының педагогикалық училищесінде, Павлодар қаласының № 10 орта мектебінде жұмыс істейді. 1941 жылы Қарулы күштер қатарына шақырылып, 1943 жылға дейін артиллерия бригадасында соғысады, кейін «Красная армия» штатында майдан газетінің корреспондент-ұйымдастырушысына ауысады.
Ұлы Отан соғысының қан майданында қан кешкен, Сталинградтан Берлинге  дейінгі  сұрапыл  ұрыс  жолынан  өткен  солдат  Украинаны, Польшаны  азат  етуге  қатысқан  және  соғысты  Берлинде  аяқтайды, 1947 жылы әскерді запасқа шығаруға дейін қызмет етті. Сіңірген еңбегі үшін Қызыл жұлдыз және Ұлы Отан соғысы ордендерімен, «За оборону Сталинграда», «За освобождение Варшавы», «За взятие Берлина» және «За победу над Германией» көптеген мерекелік медальдармен марапатталған. Одан  кейін  Павлодар  облыстық  комитет  партиясында  нұсқаушы, Павлодар облысының халықтық білім беру бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Осы кезде ол қазақ жастарын заманауи білім мен әлемдік мәдениетке араластыру, облыс мектептерін дамыту үшін көп күш жұмсады. 1950 жылы Т. Ақшолақов басқа қалаға және басқа жұмысқа ауысуға мәжбүр   болды,   себебі   облыстық   комитет   партиясына   оның   халық жауларына туыстығы бар деген хабарлама келіп түскен.
1950 - 1958 жылдар аралығында Алма-Ата облысының Есік ауылында мектеп директоры болып жұмыс атқарады.

1958 жылы Т. Ақшолақов «Қазақ тілі мен әдебиеті» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының бірінші редакторы және ұйымдасты- рушысы, кейін «Қазақстан мұғалімі» газетінің бас редакторы болды. 1962 - 1965 жылдары ол Казучпедгиз баспасының директоры болып жұмыс атқарды.
1965 - 1995 жылдары Қазақ педагогика ғылымдарының ғылыми- зерттеу институтының фольклор және қазақ әдебиеті меңгерушісі лауазымында жұмыс істеді. Ол қазақ мектептерінде қазақ әдебиетін оқытудың  ғылыми-әдістемелік  негіздерін  құрастырды.   1939   жылы Н. Сауранбаев және С. Жиенбаевпен бірге орыс-қазақ сөздігін дайындады. Алғашқы оқу әдістемесі «Қазақ әдебиеті оқулығы хрестоматиясы» 1939 жылы белгілі ғалым С. Исмаиловпен бірлескен авторлықпен шығарылды. Одан кейінгі жылдары қазақ мектептері үшін он шақты оқулықтар шықты, олардың кейбіреуі қазіргі уақытқа дейін басылып шығарылуда.
Ол өзінің бейбітшілік еңбегінде «За трудовую доблесть», «За освоение целинных земель», «Отличник просвещения СССР» белгісімен, Ы. Алтынсариннің педагогика еңбегіне сіңірген ерекше еңбегі үшін медалімен марапатталды.
2000 жылы Төлеутай Қазиұлы қазақ ағарту ісінің дамуына қосқан үлесі үшін «Тарлан» тәуелсіз сыйлығына ие болды.
Т. Ақшолақов педагогикалық қызметтен басқа Қазақстанның революцияға дейінгі Ы. Алтынсарин, Ақансері, Жарылғапберді, Мәшһүр- Жүсіп, М. Жұмабаев сияқты белгілі мәдениет қызметінде зерттеушілер шығармашылығында жұмыс істейді. Алғашқы жазған мақалаларының бірі әйгілі  әнші  Майра  туралы  және  қазіргі  замандағыларға Естай шығармашылығын ашты.
Т. Ақшолақов өзін әдебиет сыншысы ретінде көрсетті, онымен Қазақстанның көптеген заманауи жазушылары мен ақындарының шығармаларын зерттеуде көптеген жұмыс атқарды. Ол бірқатар көркем шығармалардың авторы, венгер және кәріс әдебиеттер классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Т. Ақшолақов КСРО журналистер одағының мүшесі және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Алматы қаласының қалалық кеңесінің депутаты болған. Төлеутай Қазиұлы керемет адамгершілігі мол адам болған, Қ. Аманжолов, Қ. Бекхожин, М. Әлімбаев, Т. Молдағалиев сияқты белгілі адамдармен дос болып өзінің шығармаларын достарына арнап жазған.
Т. Ақшолақов ұзақ өмірін көбінесе қиын, бірақ бақытты өмірін өзінің сүйікті ісіне арнаған. Ол әрқашан адамдарға ашық болған, олар оған қызық болды, ол өмірді сүйе білген, өмір сүрудің қадір-қасиетін түсінген адам.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер