Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

ЗОРИН ГЕОРГИЙ ДМИТРИЕВИЧ

facebook-profile-picture-no-pic-avatar      Зорин Георгий Дмитриевич 1909 жылы Ресей Федерациясының Томск облысы Кожевников селосында, шаруа отбасында дүниеге келген. 1928 жылы орта мектепті бітіреді. Одан кейін Новосібір қаласындағы жоғарғы педагогикалық курсты тәмамдайды. Осы оқу орнын бітіргеннен кейін Кемеров және Томск облыстарының мектептерінде мұғалім мен мектеп директоры болып қызмет етеді. 1937 жылы Семей қаласындағы Чернышевский атындағы мектепте география пәні мұғалімі, кейін осы мектептің директоры болып тағайындалады. 1943 - 1946 жылдар арасында Семей қалалық оқу бөлімінің меңгерушісі қызметіне орналасады. Ол Семей мұғалімдер институтын, кейін 1940 жылы педагогика институтының география факультетін бітіреді.
1946 жылы наурыз айынан бастап Павлодар облысының халықтық білім беру бөлімінің меңгеруші қызметіне ауыстырылады.
Облыстық оқу бөлімінің қызметінде істеген жылдары өзін тура басшылық қызметіне лайықты бағытта ұстай алмай, теріс жолға түседі.

Мемлекет мүлкі мен қаржысын өрескел түрде бұза отырып, жеке басына пайдаланады.
1948 жылғы 27 қазанда Павлодар облысы партия комитеті бюросы- ның қаулысымен Г. Зорин лауазымдық қызметінен босатылады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер