Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

МОРЩИНИН ПАВЕЛ СТЕПАНОВИЧ

Fotonet         1903 жылы шаруа отбасында туған. Жасы он жетіге толған уақытта Қызыл әскер қатарына шақырылды. 1920 - 1925 жылдар арасында өзінің тәртібі жағынан белгіленген міндеттерді уақытымен орындау, ұқыптылық пен іскерлік көрсете білуі оның қатардағы жауынгерден комиссарға дейін өсуіне мүмкіндік берді. Қарулы күштер қатарындағы қызметінен кейін, ол жергілікті партия Кеңес қызметкеріне белсенді түрде қатысады. 1927 жылы жергілікті коммунистер оған жоғарғы сенім көрсетіп, Шучие аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы кейін Преснов ҚР ВКП (б) жұмыс істейді. 1931 - 1932 жылдары Павел Степановичті Мәскеу қаласындағы Я. Свердлов атындағы коммунистік университетіне оқуға жібереді.
Университетті ойдағыдай бітіргеннен кейін оны Шығыс Қазақстан облысындағы Ново-Шульбинский машина трактор бекетінің саяси бөлімін басқаруға жібереді. Осы бекетте жұмыс істеу кезінде, әсіресе кадрларды іріктеп орналастыру мен тағайындау кезеңдерінде үлкен олқылықтар мен кемшіліктер жібереді. Осы орасан зор қателіктері үшін, оны үш жылға соттайды.
Алайда, оның партия ұйымдарында атқарған ұйымдастыру жұмыстары еске алынып, 1938 жылғы 23-наурызда жаңадан ұйымдасты- рылып жатқан Павлодар облысының оқу бөлімі меңгерушісіне тағайындайды. Бұл тағайындау Облыстық партия комитеті бюросының 1938 жылғы 23-наурыздағы қаулысымен бекітіледі.
Облысты ұйымдастыру кезеңінде жоғарғы педагогикалық білімі бар мамандар жеткіліксіз болатын. Оқу жылының басында облыс халықтық білім беру бөліміне штат қызметкерлері қабылданды. Олардың ішінде: мектеп секторы, балалар үйлері мен интернаттар, сауатсыздықты жою және т. б. секторлар болды. Мектеп секторын атақты Республикаға еңбегі сіңген мұғалім, қазақ тілін жетік білетін Николай Ермилович Алексеев басқарды.
Облыстық оқу бөлімінің қарамағына аудандық, қалалық оқу бөлімдері, саяси ағарту мекемелері, жалпыға бірдей білім беретін мектептер, кешкі жастар мектебі, балалар үйлері мен интернаттар, бала бақшалар, мәдениет және ағарту мекемелері қарады.
Облыстық оқу-ағарту қызметкерлерінің күш жігері мен қажырлы еңбектерінің арқасында, 1940 жылдың мәліметтері бойынша облыс халқының 50 % сауатты түрде оқып, жаза білді.
Осы уақытта облыстық оқу бөлімінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі ересек адамдардың сауатсыздығын жою мәселесі еді.
П. С. Морщиннің басқару мен ұйымдастыру қабілеті, іскерлігі, өзіне тән басқаларға талап қоя білуі оны облыстық атқару комитетінің бірінші орынбасарына дейін жоғарылауына мүмкіндік берді.
П. С. Морщин ерекше қажырлы еңбектері үшін (1945 ж.) «Қызыл жұлдыз» және (1947 ж.) «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, сондай-ақ медальдармен марапатталған.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер